Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке куәлік алу процесі автоматтандырылады

Жеке куәлік алу процесі автоматтандырылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин және Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мо­бильді кеңес барысын­да Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы ХҚКО мен маман­дандырылған ХҚКО-ны аралап, қызметтерді цифр­ландыру процесімен танысты, деп хабарлайды Еgemen.kz.

АвтоХҚКО-да министрлер жүр­гізуші куәлігін алу және авто­көлікке мемлекеттік тіркеу нө­мір белгісін дайындауға тап­сы­рысты автоматтандыру үрді­сімен танысты.

Биометрия технологиясын және жаңа GPS-құралын қол­данудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, жүргізуші куәлігін алу процесінің ашықтығы қамтамасыз етілді.

№1 ХҚКО-да «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Сү­йеніш Әбділдин жеке куәлік бе­­ретін автоматтандырылған тер­­миналды көрсетті. Терминал био­­метриялық жүйемен жаб­дық­тал­ған, суретке түсіру функ­­циясы бар, интерфейсі де түсі­нікті. Сол ар­қылы куәлік­ті алуға өтініш беріп, су­ретке түсіп, қолтаңбаңыздың үл­гі­­сін қалдырып, QR-кодпен мем­лекеттік баж төлеуге болады.

Сондай-ақ жеке куәлікті «Ұлт­тық ақпараттық технология­лар» АҚ мамандары жасаған egov.kz порталы арқылы алу мүм­кін­дігі де қарастырылып жатыр.

Мекемелердің басшылары шетелден Қазақстанға ұзақ уақытқа келіп жатқан ІТ-ма­мандар тиісті процедуралар­дан өтетін АХҚО Экспат-орталы­ғы­на барды. Онда ЖСН алу, Мобильді азаматтар базасына тіркелу, ЭЦҚ ресімдеу, заңды тұлғаны тіркеу, банк шотын ашу, тұрғылықты жерге уақытша тір­кеу, тіпті қазақстандық SIM-карта сатып алу сияқты қызмет­тер көрсетіледі. Мұндай орта­лық­тың артықшылығы сол – барлық қызметті бір жерден алып, уақыт үнемдеуге болады.

Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында Бағ­дат Мусин мен Марат Ахмет­жанов ішкі істер органдарындағы цифрландыруды дамыту жоспарларын, ІІМ-нің перспективалы жобаларын – «Ахуалдық-сараптамалық орталығы» мен «Сергек» мобильді қосымшасын» қарастырды.

ІІМ сараптама орталығы қыл­мыстың алдын алу мақсатын­да криминалогиялық болжам қа­лыптастырумен айналы­сады. Жүргізушілерді тәртіп­ке бағын­дырып, жол ережесін бұзу­дың алдын алуға бағытталған мобиль­ді қосымша – жол қозғалы­сын автоматты қадағалау функционалы.

«Цифрландыру қазақстандық­тардың өмірін жеңілдетіп, мем­лекеттік қызмет көрсету мер­­зімін қысқартып, сапасын арт­ты­рады. Жуырда құжаттарды ре­сім­деу уақыты айтарлықтай қыс­қа­рып, процестердің барлы­ғы ашық және жариялы болып, сыбайлас жемқорлық дең­гейін төмендетуге жол ашады. Бірақ нәтиже сапалы болу үшін цифрландыру барысында бар­лық мемлекеттік органдар жұмы­ла жұмыс істеу қажет. Біз ІІМ басшылығымен осы бағыт­та өзара ымыраға келіп, халық­қа жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру жобаларын талқыладық. Ең алдымен, цифр­лық құжаттарды мойындаудан бас­тайтын болдық», деді Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі.

«Инновацияларды енгізу полиция қызметін бюрократия­дан арылтуға, сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерін азайтуға, сон­­дай-ақ ішкі істер органдары жұ­мы­сының ашықтығын қамта­ма­­сыз етуге мүмкіндік береді. Ал­да аза­­­маттардың қауіпсіз­дігін қам­­­та­­масыз етуге бағыттал­ған көп­­теген жоба бар, ІІМ олар­ды ЦДИАӨМ және жергі­лік­­ті ат­қару­шы органдармен ынты­мақ­тас­тықта іске асыратын болады», деді Ішкі істер министрі.

Кеңес қорытындысы бойынша ішкі істер органдарын одан әрі цифрландыру және ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» МК қатысуымен полиция қызметіне инновациялар енгізу бойынша шешімдер қабылданды.
21 сәуір 2022 ж. 314 0