Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағы индексацияланады. Нақтыланған бюджетте оған 111 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол күні кеше үкімет маңызды шешім қабылдағанын еске салды.

"Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді", – деді Тоғжанов мәжіліс отырысында.

Нәтижесінде 4,2 миллион адамның әлеуметтік төлемі ұлғаяды.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге көзделген.

Жалпы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджеттен 4 триллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге артық.
06 сәуір 2022 ж. 586 0