Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады - Президент

Уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында депутаттарды сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізілетінін айтты.

«Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге қысқарады», деді Президент.

Мемлекет басшысы сайлауалды науқанында халыққа уәде беріп, сөзінде тұрмайтын депутаттарды сынады.

«Сайлауалды науқанында уәде беріп, тиісті жұмысын атқармай, берген уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады», деп қосты Президент.


16 наурыз 2022 ж. 396 0