Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шалва Амонашвилидің педагогтерге салған 10 тыйымы

Шалва Амонашвилидің педагогтерге салған 10 тыйымы

1. Сабақта баланы жеңуге ұмтылмаңыз: одан ақылды екендігіңізді, биік тұрғаныңызды дәлелдеп тырыспаңыз. Кейде ұмытшақ болыңыз, қателік жасаңыз, бәрін есте сақтауға ұмтылмаңыз. Балаға өзіңізді жеңуге мұрсат беріңіз: оған жеңістерге қол жеткізуге үйрену маңызды-ақ.

2. Оқушыны кемсітпеңіз: сөзбен де, ишаратпен де, тұспалдап та.

3. Өткендегі тәртіп бұзушылықтарын айтып оқушыны ұялтпаңыз.

4. Баланың не жасағанын ата-анасына айтып шағынданбаңыздар. Оның қорғаушысы болыңыз, өйткені әр бала қорғауға зәру. Әр сөзіңізге мұқият болыңыз. Балаға оның болашақтағы жағымды бейнесін құрастыруға көмектесіңіздер. Сіз баланы қорғағанда, оның қандай болғандығын емес, оның қандай болатындығын оның есіне саласыз.

5. Оқушыны ұятпаңыз. Абайсыз айтқан сөз тіпті өлтіріп те жібереді. Ол не жасаса да, оны жұмсақ жауып, бұл әрекет болмағандай жайпап тастауға тырысыңыз.

6. Оқушыны жалғыз қалдырып кетпеңіз (оған сатқындық жасамаңыз).

7. Оқушыға ренжімеңіз. Ашу мен ыза өмірді бұзады.

8. Оқушыға сенімсіздік білдірмеңіз. Егерде ол көшіріп отырса, солай-ақ болсын. Оған көшірмей оқуға көмектесіңіз.

9. Бала туралы жаман ойламаңыз және оны мүсіркемеңіз де. Мықты оқушыларды мақтан тұтпай, әлсіз қалпынан мықты болғандарымен мақтаныңыз.

10. Баланың тәрбиесіне бағытталмаған істерді жасамаңыз: бала мұғаліммен өткізген уақыт өзін жақсартатынын сезінуі керек. Ол өзінің өзгелерге қажет екендігін, ықпал жасап, өзгерістер енгізе алатын күштің өз бойында бар екендігін сезінуі керек. Мұндай жағдайда балада өздігімен өмір сүру мен өз өміріне деген жауапкершілік дағдылары қалыптасады.

02 наурыз 2022 ж. 465 0