Қайтарымсыз грант кімге беріледі?

Өңірлік кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Гаухар Елеусінованың айтуынша, бұған дейінгі жылдары мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер болса, биылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар ғана грант алады. Әлеуметтік осал топтарға атаулы көмек алушы, көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар мен қандастар жатады.
Айта кетейік, грант беру процесі биыл электронды түрде өтеді. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды өңірлік кәсіпкерлер палатасы биыл да онлайн форматта өткізеді. Оқыту тегін. Олардың 30 проценті 29 жасқа дейінгі жастар, 30 проценті әлеуметтік осал топтар санатына сәйкес келуі туралы өзгерістер енгізілді.