Облыста «қаңтар оқиғасы» бойынша 72 қылмыстық іс тіркелді

«Облыс бойынша 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде терроризм актісі бойынша 5 іс, адам өлтіру фактісі бойынша 2 іс, жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 1 іс, қаруларды жымқыру дерегімен 4 іс, билік өкіліне қатысты күш қолдану бойынша бойынша 4 іс, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша 2 іс және басқа фактілер бойынша 54 іс.
Бүгінгі күні оқиға орнын қарап-тексеру барысында 100-ден астам бейнежазба, 83 дана қол-саусақ ізі, 73 дана гильза және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталғандардан 6 дана атыс қаруы мен 63 патрон тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында 960 адам оның ішінде қылмыстық іс шеңберінде 351 адам полиция органдарына жеткізілді. Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар екендігі бұлтартпас айғақтармен бекітілген 103 адам күдікті ретінде танылды», - деді М.Қазиев.
Айта кету керек, 103 күдіктінің 63-і соттың санкциясымен қамауға алынды. Қалғандарының денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы ескеріле отырып, 40 адамға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды. Прокуратураның бастамасымен 18 күдіктіге қатысты оның ішінде 1 ауыр науқас, 2 көп балалы ана бұлтартпау шарасы негізінде үй қамаққа ауыстырылды. 1 адам негізсіз ұсталуына байланысты уақытша ұстау изоляторынан босатылды.
Сонымен қатар, осы жылдың 10-14 қаңтарында заңсыз акцияларға қатысқаны үшін 131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 252 адам ұсталды.