Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Омикронның алдамшы симптомы қандай?

Омикронның алдамшы симптомы қандай?

Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған пациенттер асқазан ауруына жиі шағымданады. Алайда Zoe COVID Symptom Study ұйымының британдық ғалымдары зерттеу жүргізіп, мұның алдамшы симптом екенін анықтады, деп жазды sputnik.kz.

Адамдар іш өту, іш ауруы, өзін жайсыз сезіну, тәбеттің жоғалуы секілді асқазан-ішек проблемаларына шағымданған. Мұндай белгілер желтоқсанның ортасы мен қаңтардың аяғы аралығында байқалды.

Мамандар асқазан-ішек жолдары ауруларының жиілеуі коронавирустың жаңа штамымен байланысты емес екенін атап өтті. Қыста асқазан проблемасына шалдыққан пациенттер көбейеді. Оған әдетте жылдың осы мезгілінде байқалатын норовирустық инфекция себеп болуы мүмкін.

Ғалымдар тамақ пісірер алдында қол жууға, қоғамдық орындарда гигиена сақтауға, сондай-ақ шикі тамақ жемеуге кеңес берді.

"Омикрон" жайлы не білеміз

Былтыр қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.

Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.

Бұл штамм бұған дейінгі мутацияларға қарағанда үш-жеті есе жылдам таралады. Ал инкубациялық кезеңі үш-бес күн.

Омикрон штамы 2021 жылдың аяғында Африканың оңтүстігінде табылды.

07 ақпан 2022 ж. 245 0