Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КТ көрсеткен қызметтер көлемі қанша есеге өсті?

КТ көрсеткен қызметтер көлемі қанша есеге өсті?

Тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, КТ/МРТ, рентген және диагностиканың басқа да түрлерінің қызметтері сақтандырылған азаматтарға МӘМС жүйесінде емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетіледі. Олар үшін қосымша ақы талап етілмеуі керек, деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. Егер емхана осы қызметтерді өзі ұсына алмаса, онда оны орындау шарты бойынша пациентке басқа клиникада қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.

Қорда консультативтік-диагностикалық қызмет алу мүмкіндіктері туралы толығырақ айтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың едәуір өсуі көптеген сұранысқа ие бағыттар бойынша медициналық көмек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қызмет көрсету көлемі өсуде

Осылайша, компьютерлік томография қызметтерінің саны 3 еседен астамға өсті. Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша пациенттер 747 мың комьютерлік томография сеансын алды, ал 2020 жылы-232 мың қызмет алынған. МРТ зерттеулері бойынша өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 554 мың қызмет көрсетілді, ал бір жыл бұрын-шамамен 218 мың қызмет көрсетілген.

Тар бейінді дәрігерлер өткізген консультациялар саны айтарлықтай өсті. 2020 жылы 29 миллионнан астам осындай қабылдаулар өткізілді, ал бір жылдан кейін тар бейінді дәрігерлердің консультацияларының саны 35 миллионнан асты. Жүргізілген диагностикалық зерттеулер саны 50% - ға артты-2020 жылғы 9,9 млн қызметтен 2021 жылы 15 млн-нан астам қызметке дейін.

КДҚ-ны  қалай алуға болады?

Пациентке кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсетілімдер болған кезде дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеулер жүргізуге жолдама жазады. Қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуы тиіс, өйткені емхана деңгейінде бұл қызметтер МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

Егер КДҚ-ны көрсетуден  бас тартылса …

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсететін медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарт жасасады және пациенттерге осы қызметтерді ұсыну бойынша міндеттемені орындауға тиіс.  

«Біз азаматтардан емхана көрсетілімдер болған кезде, оны өткізу мүмкіндігінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, консультациялық-диагностикалық қызметке жіберуден бас тартады деген өтініштерді жиі аламыз. Алайда, мұндай жағдайда Өнім беруші Қор базасында тұратын медициналық ұйымдар қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Егер бірлесіп орындау шарты ешкіммен жасалмаса, онда пациентті осы қызмет түрі бойынша Қордың Өнім берушілерінің біріне жіберуге тиіс, шарт бағыт бойынша қызмет көрсету қорытындылары бойынша автоматты түрде жасалады»,  - деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Алайда пациент емханаға бармай, КДҚ-ны ақылы негізде алу үшін тікелей жіберілетін басқа да жағдайлар бар.

«Кейде біз әлеуметтік желілерде пациентке жолдама берілмегені және олар ақылы түрде қызмет алғаны, мысалы, КТ туралы шағымдарды көреміз. Мұндай жағдайларда пациенттің құқығын қорғаушы ретінде Қор іске қосылады. Алайда, нәтижесінде пациент тіпті өз емханасына жүгінбеген, бірақ дереу басқа жерде ақылы тексеруден өтуге шешім қабылдаған болып шығады. Біз азаматтарды ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді пайдалануға шақырамыз. Егер проблемалар туындаса, Пациентті қолдау қызметіне хабарласыңыз және өз құқықтарыңызды қорғаңыз», – деп  Ілияс Мұхамеджан атап өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

Бұл ретте консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру едәуір ұлғайтылады. Бұл мақсаттарға 231 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде МӘМС бойынша – 187,7 млрд теңгеден астам. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын 203 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 167 млрд теңгесі МӘМС бойынша.

Егер сізде консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса немесе сіз оларды көрсетуге қол жеткізе алмасаңыз, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Ұзақ күтуге байланысты өз аймағыңызда томографиядан немесе басқа да қызметтерден өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, сіз өз аймағыңыздың денсаулық сақтау басқармасындағы жағдайды нақтылай аласыз. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты,  1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
24 қаңтар 2022 ж. 410 0