Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылы ең жолы болғыш жұлдыздар белгісі – астролог

2022 жылы ең жолы болғыш жұлдыздар белгісі – астролог

Астролог Вероника Авгурова Жаңа жыл үш жұлдыз белгілеріне сәттілік әкелетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Профиль" интернет-басылымының ақпараты бойынша, жұлдыздар оларға бұрынғыдан да жол аша түседі, бірақ бәрінен бұрын Балықтарға сәттілік сыйлайды.

Балықтар

14 мамырдан бастап Балықтар өзіне берілген мүмкіндіктерден ләззат ала бастайды, сондықтан олар үшін оптимизмге барлық негіз бар. Биыл оларды жаңа бастамалар күтіп тұр, оның ішінде табысты нәтижеге кепілдік беретін мансап пен жеке қарым-қатынастар да бар.

Сарышаян

Сарышаян Жұлдызнама шеңберіндегі ең жарық жұлдыз болады. Бұл үшін ол көп күш жұмсамайды, барлығының басты назарында болады. Осы белгіде туылған адамдар күшті мінез-құлыққа ие, онысы кейбіреулерді өзіне тартса, тағы бірін, керісінше кері итереді.

Сарышаянның діттегеніне жетпей тынбау сынды ұстанатын батыл қағидасы кез келген мәселеде сәттілік әкеледі. Бірақ бұған қарамастан, қателіктер орын алуы мүмкін. Дегенмен Сарышаян оңайшылықпен мойымайды, қатал күресті жалғастыра береді. 2022 жылы мансап бойынша өсудің бірқатар мүмкіндіктері туады, ал жеке өмір бұрынғыдан да ың-шыңсыз жайдары күйге бөленеді.

Шаян

Шаян үшін 2022 жыл ерекше болады. Бұл өмірдің барлық деңгейлері мен аспектілерінде де байқалады. Бұл ең жақсы кезең болады, өйткені ол материалдық және эмоционалды өзгерістерге толы. Шаяндар барлық бағыттағы қарым-қатынасын нығайта түседі, ал осы белгінің жалғызбасты өкілдері өз махаббатын кездестіреді. Сонымен қатар, 2022 жыл көптеген жоспарды жүзеге асыруға жол ашады.
23 қаңтар 2022 ж. 468 0