АҚША КІМДІ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ? 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҰЛДЫЗНАМА
2019 жылы қай жұлдызнама белгісін нағыз байлық күтіп тұр?
Ақшаны бәрі де жақсы көретіні белгілі. Ал ағымдағы жылы ақша, байлық кімге бұйырады екен? 2019 доңыз жылына арналған қаржылық жұлдызнаманы әйгілі астролог Вера Хубелашвили ұсынады.
Тоқты
Тоқтылар өзінің қаржылық жағдаяты үшін еш уайымдамаса да болады: сары доңыз қаржылық тұрақтылықты жақсарту тұрғысында еңбек етеді. Бәлкім 2019 жылдың алғашқы айларында өзгерісті байқай қоймассыз, десе де бұл ит жылындағы батқан шығындарыңыздың орнын жабуға кеткен уақыт деп ойлаңыз. Көктемнің ортасынан ісіңіз оңға басып, кіріс көбейіп, мансабыңыз да шарықтауы мүмкін.
Торпақ
2019 жылды көптеген торпақтар қаржылық мәселедегі ең оңтайлы жыл ретінде есте сақтайтын болады. Бір ісіңіз оңға баспай кері кетсе де, сары доңыз қаржылық шығынның орны жабылатындай жағдай туғызады. Кәсіпкер-торпақтар үшін бұл жыл жаңа кездесулер мен әріптестерді сыйға тартады, ал қарапайым қызметкерлердің жалақысы өседі.
Егіздер
Ит жылында өз қаржысын қайтсем көбейтем деп шарқ ұрған егіздер үшін доңыз жылы жақсы мүмкіндіктер туады. Бұл жылы осындай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Толықтай алғанда осы жылы қаржылық тұрақтылық орын алады. Күзге қарай егіздердің жер не қозғалмалы мүлік сатып алуға ынтасы ауады, бұл сәтті болары да анық.
Шаян
2019 жылы жаңа, көлемді әмиянды қажет ететін тағы да бір жұлдызнама белгісі. Сары доңыз бұл жұлдызнама өкілдеріне түзу қарап, қаржылық кесапаттан сақтайды. Жұлдыздар шаяндардың өз кірісін ірі көлемдегі заттарға немесе туыстарына жұмсауына кеңес береді. Инвестициялық немесе қаржылық операциялармен шұғылдануға бола қоймас, өкінішке орай түйсігіңіз алдамшы боларын ұғыңыз.
Арыстан
Әдемілік пен байлықты жаны сүйетін арыстандар өзін осы жылы ештеңеден шектемесе де болады. Сары доңыз аң патшасының ештеңеден қысылмауы үшін жағдай жасайды. 2019 жылы өз қаражатыңызды еселеуге мүмкіндік туады, бар болғаны мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Ал жылдың соңына қарай мансап жолыңыздың жоғарылауы ықтимал.
Бикеш
Бұл жұлдызнама өкілдері ақшадан еш тарықпайтыны белгілі, десе де 2019 жыл олар үшін нағыз қазыналы жыл болары анық. Жұлдыздар бірінші кезекте бикештерге кәсіпкерлік, басқа да қаржы көздеріне қаржы құюға болатындығын ескертеді. Бастапқы айларда бұл қаржыда өзгеріс болмаса да, наурыз айынан бастап кіріс көбейе түседі, бұл жағдай жылдың аяғына дейін сақталады.
Таразы
Таразы жұлдызнама өкілдері 2019 жылы басқа жылдан бөлек өзіне көп нәрсені мүмкін ете алады — сары доңыз олардың еш қысылмауына кепілдік береді. Кіріс тек қана жұмыспен ғана келмейді, ол хобби не шығармашылық болуы мүмкін — яғни Таразының қолы неге тисе, сол ақшаға айналатындай... Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!
Сарышаян
Сарышаян белгісінде туылған адамдар үшін енген 2019 жыл анағұрлым қаржылық тұрақтылық әкеледі, тыныш әрі бірқалыпты өтеді. Көп қаржыны игеру мәселесі де маңызды болмақ, алдау-арбауға жолықпай, дұрыс жолда болсаңыз, бағыңыз жанары анық.
Мерген
Мергендер қатты қаржылық тарыққан жылдан кейін сәл тыныстауға мүмкіндік алады. Доңыздың бұл жұлдызнама өкілдеріне көзі түзу, сондықтан да олардың өз қаржылық жағдайын реттеп алуына мүмкіндік жасалады. Ал жылдың екінші жартыжылдығында мергендердің пәтер мәселесі әлі де өзекті болса, оны шешуге мүмкіндігі бар.
Тауешкі
Тауешкілерге 2019 жыл толық қаржылық тұрақтылық әкеледі, кіріс көбейеді, кіріс мол келетін қызмет түрі де сізге табылары анық, осылайша өз әлеуетіңізді жақсарта аласыз. Ал қаржы құюмен айналыспағаныңыз абзал: тапқан кірісіңізді туыстарыңызға және өзіңізге арнағаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы суқұйғыштар үшін қалыпты өтері анық, ал екінші жартыжылдығында ақша су болып құйылады. Шілде айына дейін қаржылық міндеттерді мойныңызға алмауыңызды жұлдыздар ескертеді, ал әрі қарай еш қорықпай қаржы құя берсеңіз де болады. Ағымдағы жылы көмек сұрап, сізге қолын созған жандарға көмектесуіңіз дұрыс екендігін сары доңыз ескертеді, жыл иесі мұндай көмектің қайтарымын жасайтынын ұмытпағайсыз.
Балықтар
Балық жұлдызнамасына тиесілі адамдардың 2019 жылы көптен күткен арманы орындалып, бұл үшін қаржы табылады. Кірістің көбейетін мезгілі ақпан және шілде айлары болады. Ал басқа айларда балықтарды қаржылық тұрақтылық пен бақуаттылық күтеді.
reactor.inform.kz