Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сабыр сақтау қажет

Сабыр сақтау қажет

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты халықтың басым бөлігі алаңдаушылық білдіруде. Қаншама отбасы қара жамылып, жақынынан айырылғаны өкінішті. қабырғамызды қайыстырған дүрбелең әлі де басылар емес. Мемлекет тұтастығына нұқсан келтірген бүлікшілер заң аясында өз жазасын алуға тиіс.

Республика көлемінде төтенше жағдай режимі орнатылды. Әрбір адам мүмкіндігінше тек ресми ақпараттарға құлақ асқаны дұрыс. Әрине, көпшілік арасында үрей пайда болып, қорқыныш сезімі басым. Барлығы бұрынғыша қалыпты өмірге оралғанымызды қалайды. Бірнеше күн бойы телеарналар таратқан ақпараттарға сүйенсек, ахуал күрделене түскенін байқаймыз. Сондықтан үйден шықпауға тырысайық. Төтенше жағдай кезінде әскерилер бүлікшілер елімізге лаң салған бүлікшілермен жаппай күресуде. Жақындарынан айырылған әрбір отбасыға көңіл айтамын!

Қазақстан – бірлігі бекем, тірлігі көркем ел ретінде әлем халқына белгілі. Бірлігімізге сызат түсірген
мұндай келеңсіз оқиғалар келешекте орын алмаса дейміз. Жастарымыз жалған ақпараттарға сеніп, ел арасына іріткі салушыларға еріп кетпегенін қалаймыз. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген құнды
мұраларымызды бүлікшілер бүлдіруге тырысты. Қаншама жәдігерлерді жоюды мақсат тұтты. Ұлттық
идеологиямызға нұқсан келтіру арқылы мемлекетті орасан шығынға ұшыратпақ болды. Дәл қазіргі
уақытта баршамыз сабырлық танытып, ел тұтастығын сақтағанымыз жөн.



Муса КЕЛДІБАЕВ,
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
12 қаңтар 2022 ж. 413 0