Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылға арналған жұлдыз жорамал

2022 жылға арналған жұлдыз жорамал

2022 жыл — өзгерістер жылы. Ол жұлдыз белгілерінің көпшілігіне табыс әкеледі. Ендеше, әр жұлдыз белгілері үшін қай ай табыстырақ болады және кірісіңізді арттыру мүмкіндігін жіберіп алмас үшін қай айда демалыс алмаған жөн? 2022 жылға арналған massaget.kz ұсынады.

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл жыл басынан бастап, яғни қаңтар-ақпан айларында Тоқтыларды материалдық табыспен қуантады. Өз кірістеріңізді арттыру мүмкіндігі жаз бойы және желтоқсан айында туады. Сондықтан бұл уақытқа демалыс жоспарламаңыз. Жаз Тоқтылар үшін сәтті болмақ: бұл уақытта сіз кез келген міндеттерді ойдағыдай орындай аласыз. Ал тамыздан бастап қазан айының соңына дейін қандай да бір сұрақтарды шешу үшін көбірек күш салу қажет болады. Бастысы — берілмеу. Маусымнан қарашаға дейін өзін-өзі дамытуға жақсы кез. Сәуірдің ортасы мен жыл соңына дейін жылжымайтын мүлікпен айналысуға ниетті Тоқтылар абай болуы керек.

Торпақ (21.04-21.05)

Торпақтар үшін бұл жыл орайлы болмақ. Жылдың басынан бастап сәттілік серігіңіз болады. Бұл жылы өзіңіз үшін уақыт тауып, өзі-өзі дамытумен айналыссаңыз, жақсы болады. Тек қаржы мен саудаға мұқият назар аудару қажет. Жылдың бірінші жартысында келіп түскен ұсыныстарға, әсіресе, олардың қызықтырғыш әрі жағымдыларын қабылдарда абай болыңыз. Кез келген келісімге келерде жақсылап ойланып, барлық сұрақтарды қайта тексеріңіз. Жаңа ірі бірдеңе сатып аларда да мұқият болыңыз. Бұл кезең сәуірдің ортасына дейін жалғасады, содан соң босаңсуға болады. Мансап үшін ең сәтті ай — наурыз.

Егіздер (22.05-21.06)

Ең көпшіл жұлдыз жорамал өкілдері шешім қабылдарда абай болуы керек. 2022 жылдың алғашқы тоқсанында сезімге беріліп, әрекет етуіңіз мүмкін. Алайда кейін ол үшін өкінесіз. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Сәуірдің ортасында істерді былықтыру қаупі төмендейді, бірақ қаржы жағынан жағымсыз жағдайға түсу қауіпі туындайды. Мұндай жағымсыз жағдай орын алмас үшін қызықтырғыш ұсыныстарға берілмеңіз, түрлі авантюралардан бас тартыңыз және қымбат заттар аларда ойланыңыз. Ал егер қаржы жағынан емес, мансаптың өзіне келер болса, сізді сәтті жыл күтіп тұр. Қазір босаңситын уақыт емес, өзіңізді қолға алыңыз, сіз барлық тапсырмаларды орындай аласыз.

Шаян (22.06-22.07)

Шаяндар үшін бұл жыл мақсаттарды орындауға жақсы кезең болады. Бұл білім алуға жақсы уақыт. Білім қалаған мақсатқа жетуге көмектеседі, егер уақытыңызды бос кетірмесеңіз, еңбегіңіздің жемісін осы жылы көресіз. Сәуірдің аяғынан бастап сезімге беріліп, қателік жіберу қаупі артады. Әр әрекетіңізді ойланыңыз, барлық мүмкін салдарларды алдын ала есептеңіз және өз идеяларыңыз бен қызықтырғыш ұсыныстарға күмәнмен қараңыз. Материалдық тұрғыда тамыз айы қуантады. Сондықтан кірісіңізді арттыру мүмкіндігін жіберіп алмас үшін бұл айға демалыс жоспарламаңыз.

Арыстан (23.07-22.08)

Бұл жұлдыз жорамал өкілдеріне келер жыл қандай да бір ірі, елеулі өзгерістер әкелмейді, бірақ мансап жағынан жақсару болады. Жұмыс орнында үздік болуға мүмкіндік туатын ең белсенді ай — шілде. Жалпы 2022 жылдың жазы — бұл жылдың ең орайлы кезі. Бұл уақытта қандай да бір курс өткеніңіз немесе жаңа нәрсе үйренгеніңіз жақсы. Кірісті арттыруға жағымды айлар — маусым мен қыркүйек.

Бикеш (23.08-22.09)

Бикештер компаниясыз өмір сүре алмайтын жұлдыз белгісіне жатпайды, дегенмен 2022 жылы оларға компанияда болу және айналасындағылармен өз идеяларымен бөлісу ұсынылады. Сәуірдің ортасына дейін Бикештерге басқалардың еліктіргіш ұсыныстарына мұқият қарап, келіп түскен ақпаратты күмәнмен қабылдау ұсынылады. Бұл айналадағылардың бәрі сізді алдап бастайды деген сөз емес, бірақ сіз бірдеңені дұрыс түсінбеуіңіз мүмкін. Сондықтан да мансап сұрақтарындағы кез келген шешімді дұрыстап ойланып қабылдаңыз. Бұл әсіресе, жұмысты ауыстыру шешіміне қатысты айтылған, сәуірдің ортасына дейін жұмысты өзгерту ұсынылмайды. Себебі жаңа орын сізді қуантпайды, тіпті, бұрынғыңыздан да нашар көрінуі мүмкін. Қаржыға келер болсақ, бұл жылы материалдық тұрғыда шілде мен қазан табыстырақ болады.

Таразы (23.09-22.10)

Өкінішке орай, 2022 жыл Таразылардың мансабы үшін жақсы жыл болмайды. Біріншіден, жылдың көп бөлігі күнде қайталанатын жұмыстардан тұрады. Жұмыс әдеттегіден қиын әрі бірсарынды көрінуі мүмкін. Ал айналадағылар әдейі үнемі бірдеңе талап еткендей немесе көмек сұрағандай көрінеді. Бұл 2022 жыл нашар өтеді дегенді білдірмейді: басқалардың өтінішіне жайбарақат қараңыз, ал өз жұмысыңызға стандартты емес тәсіл табуға тырысыңыз. Сәуірден соң өзіңізге мансапқа қатысты проблема жасап алу қаупі жоғары, дегенмен, бұл уақытта жұмыстан шығу немесе оны ауыстыру ұсынылмайды: келесі жылға дейін шыдай тұрыңыз.

Сарышаян (23.10-21.11)

Бұл жыл Сарышаяндарды қуантып та, ренжітіп те үлгереді. Жаздан бастап қазанның соңына дейін күнде қайталанатын жұмысқа және көп күш пен энергияны қажет ететін ұсақ тапсырмаларға толы оңай емес кезең болуы мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, қиын жұмыс болса да, сіз оларды жеңе аласыз. Жылдың басқа уақыты оңтайлы десе болады. Жылдың басына аса мән берген жөн: сәуірдің ортасына дейін кредит немесе қарыз алмаңыз. Егер бұл уақытта материалдық тұрғыдан қиналсаңыз, алдымен таныстарыңыздан сұраңыз, бірақ бұл шешімді де жақсылап ойланыңыз.

Мерген (22.11-21.12)

2022 жылдың қысы мен көктемі жылжымайтын мүлік немесе құрылыспен байланысты сұрақтарды шешу үшін сәтті болмақ. Жаз шабыттың келуімен және жоғары көңіл күймен қуантады. Сондықтан бұл уақытты өмірдің барлық саласы (табысты жұмыс немесе қандай да бір мақсатқа жету) үшін пайдаланыңыз. Жылдың басынан бастап мамырға дейін Мергендер айналадағылардың сөзіне абайлап қарау керек: барлығына бірдей сөзсіз сене берудің қажеті жоқ. Жағымсыз жағдайға түскеннен гөрі немесе қабылдаған шешіміңіз үшін өкінудің орнына келген ақпаратты тағы да бір тексеріп, ұсынысты бірнеше рет ойланған жөн. Сәуірдің екінші жартысынан бастап жылдың аяғына дейін кредит алмау ұсынылады, себебі оны қайтару қиынға соғады.

Тауешкі (22.12-20.01)

2022 жыл Тауешкілер үшін 2021 жыл секілді қаржылық жағдайын жақсарту үшін орайлы болады. Кірісті көбейтуге көмектесетін нақты мақсаттар қойыңыз. Келер жыл материалдық табыспен қуантады, алайда қазір көп шашылудың қажеті жоқ. Егер кішкене үнемдей алсаңыз, өз кірісіңізді біраз арттыра аласыз. Алғашқы төрт ай мансап жағынан ауыр көрінуі мүмкін. Жұмыс шаруаларынан жағымды нәрселерге алаңдап, жиі босаңсуға тырысыңыз. Әйтпесе, жұмыс орныңызды ауыстырғыңыз келуі мүмкін, бірақ бұл уақытта оны ауыстыру ұсынылмайды. Мамырға дейін шыдап, тағы да ойланыңыз.

Суқұйғыш (21.01-18.02)

2022 жылдың ең жақсы болжамының бірі Суқұйғыштарға тап болды. Әлемдегі және елдегі тұрақсыз жағдайға қарамастан өзіңіздің жеке кірісіңізді арттыруға және материалдық табысқа қол жеткізуге мүмкіндіктер болады. Ең табысты уақыт — сәуір-мамыр айлары. Сондықтан бұл айларда демалыс алудың қажеті жоқ. Сәуірдің екінші жартысынан бастап жыл соңына дейін жұмыста қандай да бір қиындықтар туындауы мүмкін. Бастысы — шегінбеу: кез келген қиндықты жеңуге шамаңыз жетеді. Мұндай жағдайда сезімге берілудің және жүйкеңізді тоздырудың қажеті жоқ, проблемаларға сабырмен қараңыз.

Балықтар (19.02-20.03)

Барлық Балықтарды өмірдің барлық саласында, соның ішінде мансап немесе қаржы жағында табыс күтіп тұр. Қандай жақсы болжам болса да, адамның өзінің қатысуынсыз ештеңе жақсы жаққа қарай өзгермейтінін ұмытпаңыз. Егер жылжымайтын мүлікпен (өзіңіз үшін немесе жұмыс бабымен) айналысу ойыңызда болса, оны сәуірдің ортасына дейін қалдыра тұрыңыз. Егер кейінге қалдыруға мүмкіндік болмаса, барлық құжаттар мен келісім шарттарын бірнеше мәрте қайталаңыз. Себебі бұл салада қателесу қаупі жоғарылау. Қаржыға келетін болсақ, ең табысты уақыт мамыр-маусым айлары болады.
31 желтоқсан 2021 ж. 352 0