Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Орамжапырақ – ең пайдалы көкөніс

Орамжапырақ – ең пайдалы көкөніс

Көкөністің ішіндегі ең пайдалысы әрі арзаны, жыл он екі ай тағамға қосуға болатын түрі – бұл орамжапырақ. Ол қан-жүрек ауруларының алдын алу мен жалпы денсаулықты жақсартуға өте пайдалы. Бұл пікірді айтқан – жапон ғалымдары, деп жазады massaget.kz.

Жапон ғалымдарының айтуынша, орамжапырақтың бойында К дәрумені көп мөлшерде болатын көрінеді.

"К дәрумені қан түйіршіктерінің қызметін күшейтеді. Яғни, жарақат алғанда қан тоқтатуға, жараның тез жазылуына әсер етеді", - дейді ғалымдар.

Орамжапырақтың тағы бір қасиеті – қан айналымы мен жүрек соғысын жақсартатыны, жүрек ауруларының алдын алатыны. Құрамындағы фосфор, магний мен калий сынды минералдар жүрекке өте пайдалы.

Сондай-ақ, орамжапырақтың құрамында кальций мол болады. Ол ағзаның құрылыс материалы саналады. Тіс пен сүйекті қатайтады.

Табиғатта орамжапырақтың түрі көп. Әр елде әртүрлі. Бірақ бәрінің қасиеті бір. Әсіресе, жасыл шөпке ұқсас түрі пайдалырағы деседі. Өйткені оның құрамында бета-керотин, А дәрумені бар. Бұлар көздің көруін жақсартып, иммунитетті күшейтеді.
23 желтоқсан 2021 ж. 774 0