Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Теледидарды жиі көру ойлау қабілетін төмендетеді

Теледидарды жиі көру ойлау қабілетін төмендетеді

Теледидарды тым жиі көру мидағы сұр зат көлемінің төмендеуіне байланысты когнитивтік құлдырау мен ойлау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Колумбия университетінің Ирвинга медицина орталығының неврологы Прия Палта мәлімдеген.

«Аз қозғалатын өмір салтының бір белгісі саналатын теледидарды тым жиі көру мидың когнитивтік қабілетінің төмендеуіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Мұны біз жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті», – дейді сарапшы.

Тез қартаюға әсер ететін екінші фактор – интернетті жиі және ұзақ пайдалану. Тым белсенді пайдаланушылар физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен зардап шегеді, сондай-ақ компьютер мен смартфон экранынан берілетін жарықтың зарбадын көреді.

Сондай-ақ мамандар ми мен терінің қартаюына тұрақсыз ұйқы режимі, күйзеліске түсу әсер етеді деп санайды. Йель университетінің зерттеуіне сәйкес, эмоцияны дұрыс көрсетуге көмектесетін жаттығуларға қатысқандардың баяу қартаятыны анықталған.
18 желтоқсан 2021 ж. 338 0