Көздің көру қабілетін қалай жақсартуға болады?
Қыстан жазға өтпелі кезеңде адамның көбі көз көруінің әлсірегенін және көздің құрғақтанып, көзге құм түскендей сезім пайда болғанын байқайды. Бұған көру ағзаларының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті болған дәрумендерді аз тұтыну себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ көз жітілігінің қайта қалпына келетін төмендеуі мен функционалды өзгерісін органикалық өзгерістерден ажыратып алған маңызды. Бұл мәселемен көз дәрігері айналысады.
Көру қабілетінің жеткіліксіздігіне не себеп болуы мүмкін?
Көктемде біздің климаттық белдеуде көкөніс пен жеміс-жидек аз болу себебінен тұтыну деңгейі төмендеп кетеді. Сондықтан көздің көру қабілетінің нашарлауының ең басты себебі авитаминоз бен гиповитаминоз болуы мүмкін. Бұл жағдай А тобы дәруменнінің азайып, көздің шырышты қабығының қажетті түрде ылғалданбау себебінен көздің құрғақтанып кетуінен де болуы мүмкін. Бұл жағдайда ымырттық көру қабылеті мен контраст және айқын көру деңгейі төмендеуі мүмкін. Күннің алғашқы жартысында көздің көру қабілеті жақсы болып, екінші жартысында нашарлағанын байқауға болады. Жасанды жылытылатын орындарда да көздің құрғақтанып, қызарып кетуі жиі байқалады. Бұл кезде даладағы ауа температурасының жоғарылауынан іштегі ауа жылырақ және құрғағырақ болып, көздің қосымша құрғақтана түсуіне әсерін тигізеді. Егер көздің көруі нашарлап, көзіңіз көбірек құрғақтанып, қызарып, сондай-ақ жайсыздық пен құм тұрған сезім бар болса, оның себебі конъюктивтің қабынуы да болуы мүмкін. Егер де пациенттің көзіне теріскен шықса, бұл да көктемгі гиповитаминоздың нышаны болуы ықтимал. Шуақты күндердің саны көбейгенде ультракүлгін деңгейі артып кетеді, сондай-ақ адамдар да күн көзінде көбірек жүруге тырысады. Бұл бір жағынан көздің ішкі тор қабығының контрасттық сезімталдығын төмендетуі мүмкін, сондай-ақ аллергиялық реакцияларды (күнге ғана емес, енді пайда бола бастаған өсімдік тозаңына да) көбейтіп жіберіп, көзді құрғақтандырыруы әрі жайсыздыққа ұрындыруы мүмкін. Жоғарыда тізіліп шыққанның бәрі функционалды және қайта қалпына келтіруге болатын өзгерістер болып саналады. Бірақ көзге ақ түсу (катаракта), көз торы дистрофиясы, тамыр аурулары, қант диабеті т.б. кеселдер сияқты көру қабілетінің нашарлау себептерінің органикалық түрлері де бар.
Көру қабілетінің нашарлау себептерін қалай анықтауға болады?
Көру қабілетінің нашарлауы — әрбір нақты жағдайда жеке-жеке емдеу қажет болатын көп таралған проблема. Көз болатының таюына әкеліп соққан себептерді дәрігер-окулист айқындайды. Бұл себептердің қайта қалпына келетін немесе органикалық патологиямен байланысты екенін анықтайтын да сол дәрігер. Гиповитаминозды және басқа проблемаларды диагностикалаудың экспресс-әдістері жоқ. Дәрігер көздің көру қабілетін тексеріп, көз алмасын сырттай қарап көреді және көз түбін тексеріп шығады. Толықтай қарап тексеріп шыққан дәрігер емдеу түрін белгілейді. Егер жағдай қайта қалпына келетін болса, ол ішетін дәрумендерді белгілейді, сондай-ақ рациондағы A, E дәрумендеріне, мырышқа, селенге, мысқа (негізгі антиоксиданттар), негізгі каротиноидтер — лютеин мен зеаксантинге (көз торының трофикасын жақсартуға сеп болып, көру актіне шығындалып жатқан қажетті микроэлементтермен көз торын байытады) бай азық-түлік мөлшерін арттыру үшін тамақтану жөнінен ақыл-кеңестерін береді. Егер де көздің көру қабілетінің нашарлау себебі органикалық өзгерістермен байланысты болса, көру қабылетіне әсерін тигізіп жатқан ауруға байланысты емдеу түрі белгіленеді.
Көру қабілетін жақсарту үшін қалай тамақтану керек?
Көктемгі мезгілде көру қабылетін сақтау үшін мына азық түрлері рационыңыздан көптеп табылғаны абзал:
— құрамында лютеин және зеаксетин каротиноидтері бар қызыл, сары, қызғылт сары түсті тағам түрлері: сәбіз, асқабақ, қызыл жүзім, қаражидек, цитрус өнімдері, өрік (кептірілген өрікте тамырлардың жұмысына жақсы әсер ететін калий мол);
— жасыл түсті өнімдер: асжапырақ (шпинат), брокколи, брюссельдік қырыққабат, ақтық (спаржа), шалқан, бұршақ;
— алтынға бай болғандықтан түсі сары болып келетін жүгері;
— С дәруменінің мөлшері мол көкөніс пен жеміс-жидек: ақбас қырыққабат, цитрус жемістері. Олар тамыр трофикасын және тамыр қабырғасының зат алмасуын жақсартады, тамыр икемдірек, сынғақтық деңгейі төмен болып, көз алмасын жақсырақ қоректендіреді. Бұл өнімдердің көзге қан құйылуының алдын алатын қасиеті бар.
— балық, теңіз өнімдері: қызыл балық, майшабақ, скумбрия. Балықтың құрамында көз торы мен көз алмасының шырышты қабатын қорғайтын қасиеті бар Омега 3, шала қаныққан май қышқылдары мол.
— жаңғақ түрлері: бадам, пісте, орман жаңғағы, грек жаңғағы, жержаңғақ. Бұл Е дәруменінің
— көз торын ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайтын антиоксиданттың қайнар көзі;
— қабақ терісі мен бет терісінің зат алмасуына жақсы әсер ететін және майбезінің және кірпіктің түкті фолликулдарының жұмысын реттеп отыратын B дәрумендері тобының мол мөлшері бар дәнді дақылдар (тазартылмаған дән);
— қызыл жүзім, қызыл жүзім сығындысы
— антоциандардың
— тамыр жұмысын үйлестіріп, көз торы дистрофиясының пайда болуы ықтималдығын азайтатын заттардың мөлшері көп; — жүзім дәнегінен алынатын май, зәйтүн майы;
— қара шоколад — құрамында флавоноидтер — тамыр трофикасына жақсы әсері бар заттар; — бауыр, жұмыртқа, қызыл ет.