Ауылға арналған стационарлар

Осы жылдың 9 айында ауылдық пациенттер ТМККК бойынша 36,2 млрд теңгеден астам сомаға емделді. Стационарлық жағдайдағы медициналық көмектің ең көп көлемі Алматы облысының ауылдық медициналық ұйымдарында – 7,2 млрд теңгеден астам сомаға көрсетілді.
МӘМС бойынша осы кезеңде ауылдық стационарларда 52,4 млрд теңгеден асатын сомаға 500 мыңнан астам пациент емделді. Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары МӘМС бойынша стационарлар деңгейіндегі ең көп медициналық көмекті алды - 13 млрд теңгеге жуық сомаға 110 мың пациент емделді.