Сыйақы беріледі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жайында хабарлаған тұлғаларға біржолғы ынталандыру төлемдері қарастырылған.
Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Яғни бүгінгі өлшем бойынша 87 510 теңгеден 291 700 теңге аралығында.
Ал егер пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен асса - сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды ( шамамен 11 668 000 теңге).
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
-онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
-ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
-ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
-аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Параның мөлшері неғұрлым көп болса, сыйақының көлемі де соғұрлым жоғары болады.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (|Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері бойынша 1424 республикалық кол-орталығына хабарласуға шақырады, Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.