Жүйелі жұмыстар жүргізілуде

««Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында департамент қызметкерлері әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы сатып алу процесі ұйымдастылып жатыр. Өрт қауіпсіздігі бойынша 97 отбасының жылыту пештеріне жөндеу қажет етсе, 42 тұрғын үйдің электр желілерінің тозығы жеткен», - деді Руслан Қайрақбаев.
Департамент бастығы одан әрі жаңадан бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны іс-шаралары» жол картасына тоқталып, картаға енген іс-шараларды тарқатып берді. Айтуынша жергілікті бюджет есебінен қарастырылған қаржы бойынша 6 іс-шара орындалған. Сондай-ақ «Халықты және Қызылорда облысының басқару органдарын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру» жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында 25 құлақтандыру құрылғысы орнатылып, аудандар бойынша Шиелі және Жаңақорғанға 10 құрылғы қойылған.