Қызылордада көмір қышқыл газын анықтайтын қанша датчик алынады?
Төтеншеліктер облысқа биыл көмір көмірқышқыл газын анықтайтын тағы 1000 датчик алуға ұсыныс білдірді. Егер бюджеттен қаржы бөлініп жатса, тұрғындар аталмыш құрылғының игілігін көретін болады.
– Біздің мақсатымыз – адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны өрттен қорғау. Аймақта жылу беру маусымы басталғалы аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге көмір көмірқышқыл газын анықтайтын 1158 дана датчик орнатып шықтық. Бұл өңірдегі өрт пен газдан туындайтын апатты жағдайлардың алдын алуға көмектесін негізгі құрылғы дер едім. Себебі биылғы өрт салдарының 90 пайызы электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің және газ қондырғыларының ақауынан болып отыр, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров.
Бүгінде еріктілермен апта сайын «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырылып, өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыс бойынша тұрғын үйлер мен халық көп баратын жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, биыл жыл басынан бері облыста 99 өрт оқиғасы орын алды. Онда 9 адам қаза болып, 9 адам жарақаттанды