Аудан басшысы Конституциясы күнімен құттықтады
Баршаңызды егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкіл халықтық мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заң - бізді өткенмен де , болашақпен де ұштастырып тұрған алтын арқау. Оның тұтас болмысынан мемлекетіміздің мерейі мен халқымыздың қалауы - менмұндалайды.
Еліміздің Ата Заңы - қоғамдық құндылықтың алтын діңгегі және мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң мемлекетіміздің бүгінгі құрлымы шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.
Ата Заңымыз-бірлігіміздің тұрақтылығын, еліміздің тұтастығын, Отанымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекітіп берді.
Тәуелсіз елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу, дамыту, өркендету-біздің қасиетті борышымыз!
Құрметті аудан тұрғындары!
Тарихи мәні терең,мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісіміміз бен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Мұрат Ергешбаев.
Сырдария ауданының әкімі