Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су даярлығы бойынша оқу-жаттығу жалғасуда

Су даярлығы бойынша оқу-жаттығу жалғасуда

Қызылорда гарнизоны әскери бөліміндежазғы оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес амфибиялық бөлімшелердіңсу даярлығы бойынша біліктіліктерін арттыратын оқу-жаттығуы жалғасын табуда.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтіп жатқан оқу-жаттығуда алдын-ала қауіпсіздік шаралары мен теориялық сабақтар ұйымдастырылды.

Дәрістердің жоғары дәрежеде өтуі үшін оқу орындары қажетті оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілді. Тәжірибе жүзінде жалғасын тауып жатқан жаттығулар кезінде барлаушылар су даярлықтары бойынша біліктіліктерін арттырып, білімдерін шыңдап түрлі сынақтардан өтеді.

Сонымен қатар, амфибиялық бөлімшесінің жеке құрамы түрлі қашықтықтағы шыдамдылық пен шапшаңдыққа, терең суға сүңгу, моторлы қайықтарды басқаруға арналған оқу-жаттығулар бойынша сынақтар тапсырып, жедел медициналық көмек көрсетутапсырмаларын орындаумен айналысады.

Жаттығудың басты мақсаты – бөлімдегі амфибиялық бөлімшелердің жауынгерлік әзірлікдеңгейін бақылап, әскери барлаушылардың міндеттеріне сай су ортасындағы тапсырмаларды кенеттен орындау шеберліктерін шыңдау.

– Жаттығу барысында жеке құрамның судағы іс-қимылдарын жетілдірудегі дағдылары мен алған білімдері бағаланатын болады. Құрал-жабдықтарды, қару-жарақтыжауынгерлік дайындық жағдайына келтіру де ескеріледі. Әскери қызметшілерге судағы  өз шеберліктерін арттыру бойынша қажетті теориялық және тәжірибелік сабақтар өз деңгейінде берілуде, –дейді арнайы мақсаттағы амфибиялық барлауротасының топ командирі аға лейтенант Дархан Унайгалиев.

Оқу-жаттығу аяқталысымен біліктіліктерін арттыру сабақтары кезінде жоғары нәтиже көрсеткен әскери барлаушыларға арнайы сертификаттартабысталатын болады.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант
19 тамыз 2021 ж. 192 0