Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит төлемін жеңілдетудің тәртібі

Кредит төлемін жеңілдетудің тәртібі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Дмитрий Ақмаев кредит төлемін жеңілдету тәртібі туралы айтып берді, деп жазады massaget.kz.

"Адам кредитті уақытында төлей алмаған жағдайда төлем мерзімін шегеруден басқа да жолдар бар. Оны өзі ұсына алады. Бірақ ең алдымен кредит алған қаржы ұйымына барып, өтініш жазуы керек. Онда қарызды неге төлей алмайтынын ашық көрсетеді. Жұмыстан айырылып қалды ма, бизнесі тоқтап қалды ма, соның бәрін жазып, кредит төлеу мерзімін қайта қарастыруды сұрайды. Бірақ нақты себеп болуы керек. Онсыз банк өтінішті қарамайды", - дейді Ақмаев.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Дмитрий Ақмаев кредит төлемін жеңілдету тәртібі туралы айтып берді.

"Адам кредитті уақытында төлей алмаған жағдайда төлем мерзімін шегеруден басқа да жолдар бар. Оны өзі ұсына алады. Бірақ ең алдымен кредит алған қаржы ұйымына барып, өтініш жазуы керек. Онда қарызды неге төлей алмайтынын ашық көрсетеді. Жұмыстан айырылып қалды ма, бизнесі тоқтап қалды ма, соның бәрін жазып, кредит төлеу мерзімін қайта қарастыруды сұрайды. Бірақ нақты себеп болуы керек. Онсыз банк өтінішті қарамайды", - дейді Ақмаев.

Ал өтініште көрсетілген себептер расталмаса, қаржы ұйымы оны кері қайтара алады. Бірақ кредит алған адам қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

"Ондайда біз ол адамның өтінішін тағы қараймыз. Шынымен де, кредитті төлей алмаса, оған қолдау жасап, банкке ресми хат жібере аламыз. Сөйтіп, үшжақты келіссөздер жүргізіледі. Қарыз алушы мен қаржы ұйымы арасындағы мәселеге агенттік араласады. Ал қаржы ұйымы жеңілдік беруге үзілді-кесілді қарсы болса, соттың көмегіне жүгінуге тура келеді", - деді агенттіктің бас маманы.

Осы орайда агенттік өкілі маңызды бір мәселені атап өтті. Кредитті төлеу мерзімін кейінге шегергенде қарыздың мөлшері де, сыйақысы да азаймайды. Мәселен, кредит бес айға шегерілсе, осы уақыттың проценті мен қарызы кейінге қалады. Оны бәрібір төлеу керек.
27 маусым 2021 ж. 403 0