Үйіме табыс пен байлық енсін десеңіз
Бір әйел үйінен сыртқа шыға бергені сол екен, есігінің алдында отырған нұрлы жүзді қарияларды көреді.
Олардың шаршап отырғандығын байқаған әйел сәлемдескен соң:
- Үйге кіріп тынығып алыңыздар. Шаршаған сияқтысыздар. Қонақ болыңыздар, - дейді.
Қариялар:
- Отағасы үйде ме? - деп сұрайды.
- Жоқ, әлі жұмыстан келген жоқ.
- Олай болса отағасы келсін, сосын кірерміз, - дейді қариялар.
Күйеуі жұмыстан оралған соң әйелі болған жайды баяндап береді.
Күйеуі:
- Қонақ – үйдің құты емес пе? Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, - дейді.
Қариялар әлі отыр екен. Әйел:
- Отағасы келді, үйге кірулеріңізді өтінемін, - дегенде қариялардың бірі:
- Біз үшеуміз бірге кірмейміз. Мына қарияның аты – Байлық, ал мына кісі – Табыс. Менің атым – Сүйіспеншілік. Біреуімізді таңда, - дейді.
Әйел ойланып тұрып:
- Ендеше, Сүйіспеншілік ата, жүріңіз, - деп үйіне кіргізбек болғанда үш қария да бірге үйге кіреді.
Дастархан басына отырып, жайғасқан соң Сүйіспеншілік күлімсіреп:
- Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық міндетті түрде менімен бірге еріп жүреді, - депті
Шындықтан қаша алмайсың.