Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Биыл қызылордалықтардың 67,4 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді

Биыл қызылордалықтардың 67,4 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді

Жыл соңына дейін қызылордалықтардың 67,4 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз конференциясында айтты.

«Үкімет қолдауының арқасында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де шешілуде. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, 65%-ы табиғи газ тұтынады. Жыл соңына дейін аймақ халқының 67,4 %-көгілдір отынның игілігін көреді», – дейді аймақ басшысы.

Су, кәріз желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша құны 1,4 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда (РБ – 1,3 млрд теңге; ОБ – 0,1 млрд теңге), 400 шақырым болатын жол, көпір өткелдері мен көшелерді жөндеуге және салуға 17 млрд-тан астам теңге бағытталды (РБ – 8,1 млрд теңге; ОБ – 9,2 млрд теңге), бұл жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 70%-дан 75%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Birgemiz: Taza Alem», «Таза Табиғат» жалпыұлттық жобалары аясында «ЭКО – Қызылорда патрулі» жобасы жұмыс жасауда.

Рұқсатсыз қоқыс полигондары туралы хабарламаларға волонтерлерді тарта отырып, жедел шаралар қабылдануда.
10 маусым 2021 ж. 467 0