Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық емі туралы білесіз бе?

Халық емі туралы білесіз бе?

Сан ғасырлардан бері, атадан - балаға жалғасып келе жатқан  халықтық ем, әлі күнге маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Дәстүрлі медицина дамымаған тұста, халық емшілері шөптен дәрі жасап сан түрлі ауруларды емдеп келген. Бүгінгі күнде де кеңінен қолданып жүрген бірнеше ем түрін kz.el24.kz ұсынады: 

Пияз бауыр мен өт жолдарына ем

Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.
Укроп ұрығы сүт мөлшерін көбейтеді 

Бала емізіп жүрген әйелдің сүті азайса, укроптың ұрығын қайнаған суға салса, суыңқыраған соң шекер салып ішсе, сүт көбейеді.

Пион гүлі қояншық ауруын жазады

Пион гүлінің жапырағын кептіріп, араққа салып қойып экстракт дайындап ішсеңіз, қояншық ауруына ем екен

Мүйізгек пайда болса, 
лимон қабығын мәйегімен бірге ыстық суға салып жұмсартып, жатар алдында
мүйізгекке басып дәкемен таңып тастау қажет. Осылай 2-3 рет жасағаннан кейін мүйізгекті еш қиналмай алып тастауға болады. Құяңмен ауырсаңыз, ауырған жерге жұқалап бал жағып, үстіне 1-2 қабат дәретхана қағазын, оның үстіне 2-3 қыша қағазын басып, полиэтиленмен жабасыз. Осыдан соң жылы оранып жату керек. Бұл компресті 1-1,5 сағат ұстаған жөн. Егер денеңіз қатты ашыса, ем шарасын дереу тоқтату қажет.

Сүйек сынса, сынық тез біту үшін жақсылап ұнтақталған жұмыртқа қабығын тамақ алдында 30 минут
бұрын 1 шай қасықпен жеу қажет. Қабықты ұнтақтамас бұрын оны ішкі бетіндегі пленкадан тазартқан жөн. Ұнтаққа бал және бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Терінің саңырауқұлақ сырқатын жұқтырып алсаңыз, 250 г сұйық балшық алып /бұл үшін құрғақ
балшықты алып, сұйық қаймақ секілді болғанша оған салқын су қосып араластырады/, 9% сірке судан 1 ас қасық қосады да жақсылап араластырады. Осы қоспаны зақымдалған жерлерге 1-4 сағат басады. Бұл ем шарасын күніне 1 реттен 12-16 күн бойы орындайды. 2-3 апта демалған соң ем курсын қайталауға болады.

Құрғақ жөтел немесе кеудеде сырыл болса, қара аюбадам /черная бузина/ гүлдерінің тұндырмасын
ішкен пайдалы: 3-4 ас қасық құрғақ гүлдердің үстіне 1 л қайнап тұрған су құйып, жылы орап 1 сағат тұндырады. Тұндырманы ыстық күйінде бал қосып, күніне 3-4 құтыдан ас алдында ішеді.

Қан қысымыңыз ауытқыса, 1 шай қасық алма сірке- суын бөлме температурасындағы 1 құты суға салып араластырыңыз. Сусынды қотара ішіп салыңыз. Қан қысымыңыз қалпына келеді.

Ішек құрты болса, оларды пияз тұндырмасының көмегімен жоюға болады. Бұл үшін пиязды бірнеше
бөлікке бөліп, суы бар құтыға бір түнге салып қояды. Таңертең пияз бөлшектерін сол суға сығып алады да суды аш қарынға ішеді. Бұл ем шарасын 3-4 күн қатарынан жасау қажет.

Тізе қақсаса, тізеге түйежапырақ не қырыққабат жапырағын кезектестіріп басады: бір апта
түйежапырақ бас-саңыз, келесі аптада қырыққабат басасыз. Тізенің ауырғаны мүлде жойылғанша, бұл ем шарасын тоқтатпайсыз.

Қолқа демікпесі мазаласа, 300 г балға алоэның ұсақтап туралған жапырағын қосасыз да үстіне 0,5
құты су құйып, 2 сағат баяу отта қайнатасыз. Қайнатпаны суытып, жақсылап араластырып, салқын жерде сақтайды. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды.

07 маусым 2021 ж. 364 0