Найзағай туралы қызықты деректер

♦ Найзағайдың орташа ұзындығы он шақырымға жуықтайды;
♦ Найзағай температурасы күн бетіндегі температурадан бес есе жоғары болуы мүмкін. Себебі, оның ең жоғарғы жылуы Цельсий бойынша 27771 градус;
Барлық ежелгі мәдениеттерде найзағай күштің, жылдамдықтың, қозғалыстың белгісі және аспан мен жерге қызмет еткен жігердің белгісі болып есептелген. Найзағай түскен жерлер қасиетті деп саналды;
♦ Бір қызығы, гректер теңізге найзағай түссе теңіз маржаны көбейеді деп сенген;
Ацтектерде найзағай жерді тесіп өтіп, өлгендерді қорғайды деп ойлаған;
♦ Адам пайдаланған алғашқы әйнек бөліктері найзағайдың Жерге түсуінен пайда болды. Оны "фулгур" деп аталады;
♦ Найзағай түскен ұшақтарға да түскен;
♦ Найзағай бір түскен орнына екі немесе тіпті үш рет түседі;
♦ Найзағай Арктика мен Антарктидада өте сирек кездеседі. Орташа статистика көрсеткендей, жылына бір шаршы километр жерге 2-3 найзағай түседі;
♦ Статистикаға сүйенсек, найзағай мен төсектен құлап өлу ықтималдығы шамамен тең;
♦ Найзағай екі миллион адамның біріне ғана түседі;
Угандадағы Тороро қаласында жылына 250 күндей найзағай ойнайды;
♦ Америкалық Рой Салливан найзағайдан 7 рет аман қалды;
♦ 1998 жылы Конго Демократиялық Республикасындағы футбол алаңына найзағай түсіп, бүкіл команда - 11 адам қаза тапты. Спортшылардың жасы 20 мен 35 жас аралығында болған. Бір таңқаларлығы, қарсылас командадан ешкім зардап шеккен жоқ.