Банк алаяқтар көбейгенін ескертті
Ұлттық банк қазақстандықтарға қаражат жымқыру мақсатында дербес деректерді алу үшін банк қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар көбейгенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк жеке тұлғалар есепшоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайтынын айтты.
Банк ақша жіберуді сұрайтын электрон пошталар мен аноним телефон қоңырауларын елемеуге кеңес береді. Белгісіз банк есепшотынан ақша алу мүмкіндігі туралы хабарламалар немесе қоңыраулар көп жағдайда алаяқтық әрекеттерді көрсетеді."Ұлттық банктегі есепшоттар тек Ұлттық банк, екінші деңгейдегі банктер және заңды тұлғалар үшін шектеулі операцияны есепке алу үшін ашылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
"Күдікті хаттар немесе "Ұлттық банктен" ақша жіберу туралы өтінішпен қоңыраулар түскен жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет", - деді банк.