Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан мәдениетінің мерейі арта берсін

Аудан мәдениетінің мерейі арта берсін

Мәдениет саласынсыз ешқандай са­ла­ның жұмысын елестету мүмкін емес. Түптеп келгенде, адами қарым-қатынастар да мәдениетімізбен өл­шеніп, бағаланады. Осы ретте, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері мамыр айын асыға күтетіні анық.

Жыл сайын мерекелі мамыр айында музей күні мен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтіледі. Ұзақ жыл ауданның рухани-мәдени, қоғамдық-саяси саласында еңбек еткеннен кейін бұл атаулы күндер мен үшін өте ыстық. Талай таланттарды қияға самғатып, өнерде өзіндік орны мен төрін қалыптастырған Сырдария ауданының мәдениетінің мерейі егемендік жылдары жоғарыламаса төмендеген жоқ. Ауданымызда мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар ашылды, музейлер пайдалануға берілді. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың жемісі және сала еңбеккерлерінің ізденісі мен еңбегінің нәтижесі.

Халқымызда «Өнерде шекара жоқ» деген тәмсіл бар. Ауданның мәдениетін биіктетіп, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, талмай еңбек етіп жүрген әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтаймын! Жауапкершілігі мол жұмыстарына жеміс тілеймін!

Алма БАҚТИЯРОВА,
ҚР Мәдениет саласының қайраткері
22 мамыр 2021 ж. 601 0