Зімбір – мың бір дертке дауа өсімдік
Халық емінде қолданылатын кейбір шөптердің емдік қасиеті медициналық дәрілерден де күшті келеді. Соның бірі – зімбір. Құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай бұл өсімдік мың бір түрлі дертке дауа болады. Егер зімбір қосылған шай ішсеңіз, денсаулығыңыз жақсарады, түрлі аурудың алдын аласыз, өзіңізді сергек әрі қуатты сезінесіз, деп жазады ernur.kz.
ЗІМБІР:
иммунитетті көтереді;
бас ауруын қойдырады;
етеккір келген кездегі ауырлықты басады;
асқазан, ішек жолдарының жұмысын реттейді;
жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
Бұдан бөлек басқа да ауруларға шипа болатын қасиетке ие. Нақтырақ айтқанда:
Қант диабеті
Зімбірдің құрамындағы белсенді заттар қандағы инсулиннің деңгейін реттейді. Сондықтан да сізге күніне 1 шыны зімбір қосылған шай ішуге кеңес береміз.
Ұйқы безінің қабынуы
Ұйқы безі ауыратын науқастарға ем тиімді әрі пайдалы дәрі – зімбір шайы екенін ескертеміз. Егер күніне жарты шыны зімбір шайын ішетін болсаңыз, ұйқы безі ауруынан біржолата құтыласыз. Тіпті, созылмалы аурулардан айығасыз.
Гастрит
ЗІМБІР:
иммунитетті көтереді;
бас ауруын қойдырады;
етеккір келген кездегі ауырлықты басады;
асқазан, ішек жолдарының жұмысын реттейді;
жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
Бұдан бөлек басқа да ауруларға шипа болатын қасиетке ие. Нақтырақ айтқанда:
Қант диабеті
Зімбірдің құрамындағы белсенді заттар қандағы инсулиннің деңгейін реттейді. Сондықтан да сізге күніне 1 шыны зімбір қосылған шай ішуге кеңес береміз.
Ұйқы безінің қабынуы
Ұйқы безі ауыратын науқастарға ем тиімді әрі пайдалы дәрі – зімбір шайы екенін ескертеміз. Егер күніне жарты шыны зімбір шайын ішетін болсаңыз, ұйқы безі ауруынан біржолата құтыласыз. Тіпті, созылмалы аурулардан айығасыз.
Гастрит
Зімбір шайы асқазан сөлінің өздігінен бөлінуіне ықпал етеді. Нәтижесінде асқазан ауруларының алдын аласыз. Егер асқазан жолдарын түрлі дерттен сақтағыңыз келсе, онда 1 шай қасық зімбір тамырының үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып тұндырып қоясыз. Шамамен 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 стақан сүтпен араластырасыз. Дайын болған емдік шайды аз-аз жұтымнан ішіңіз.
Іш қату
Зімбір шайының іш жүргізетін керемет қасиеті бар. Бүгінде көпшілік адамдарды іш қату мазалайды. Өздеріңіз білетіндей, іштің қатуына ең алдымен дұрыс тамақтанбау әрі суды аз ішу жатады. Егер сіз күніне 1 шыны зімбір шайын ішетін болсаңыз, онда дәретке тұрақты түрде барасыз әрі ішек, іш өз жұмысын уақытылы әрі жедел түрде жүргізеді. Емдік шайды таңғы немесе түскі астың алдында ішу керек. Егер татымы ұнамаса лимон немесе бал араластыруға болады.
Тұз байлану
Бұл дертке шалдыққандарға қара шай мен кофе ішуге мүлде болмайды. Оның орнына зімбір шайын ішіңіз. Сонда буын ауруларын емдейді, тұз байлануды болдырмайды, жалпы ағзаның белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Емді күніне 1 рет 1 шай қасықтан жүргізу керек.
Суық тигенде
Зімбір шайы бойдағы суықты шағаратын қасиетке ие. Сонымен қатар, қызуды түсіреді, ауырсынуды басады, терлетіп, қақырықты түсіреді. Егер зімбір шайына бал, даршын, қалампыр, лимон, шырғанақ қосып ішсеңіз, ангинадан біржолата құтыласыз.
Қуатты арттырады
Зімбір шайының қоздыратын әрі қан айналымын жақсартатын да қасиеті бар. Егер ұйқыға жатудан жарты сағат бұрын жарты шыны зімбір шайын ішсеңіз, түнгі тірлігіңіз сәтті әрі тәтті болады. Егер бұл шайды үзбей ішіп жүретін болсаңыз, қуық түбі безін қабынудан қорғайды әрі беліңізді қуаттандырып, күшке ие боласыз.
Дайындалу әдісі
Зімбір шайының емдік қасиетімен танысып алдық. Енді аталған шайды дайындау әдісін білейік. Алдымен ем үшін алған зімбірді пышақпен немесе үккіштен үгіп аласыз. 1 литр қайнаған суға 3 ас қасық зімбір үгіндісін араластырасыз. Ыдыстың бетін жауып, 15 минут тұндырасыз. Осы уақыт өткен соң тұнбаны сүзіп алып, тәбетіңізге қарай жалбыз жапырағын, лимон шырынын немесе бал араластырып, ыстық күйінде ішуге болады.