Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке куәлік қажет етілмейді

Жеке куәлік қажет етілмейді

Қазір елімізде цифрлы даму мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жаңашыл бағыт қаптаған қағаз құжаттар айналымын азайтып, кез келген саладағы қызметті тұтыну кезінде сапа­ны арттырып, уақытты үнемдеуге негізделген. Енді азамат­т­ардың нотариалдық келісім жасау кезінде жеке куәлікті қолданбай-ақ қоюына мүмкіндік беретін қызмет іске қосылмақ, деп хабарлайды egemen.kz.

Жаңашыл бастаманың тағы бір ерекшелігі – QR-код көме­гімен нотариуста ресімделген кез келген құжаттың қаншалық­ты түпнұсқа немесе жалған екенін де ажыратуға болады.

Әділет вице-министрі Аза­мат Әмірғалиевтің айтуынша, министрлік пен республикалық нотариалдық палата бірлесіп қолға алып отырған жоба аясында е-нотариат ақпараттық жүйесі мен egov mobile қосым­шасын да интеграциялау көз­дел­ген.

Интеграция осы аптада аяқ­талады. Келесі аптадан бастап ел азаматтары нотариалдық қызмет көрсету кезінде электронды жеке куәліктерін пайдалана алады.

– Келесі жылдан бас­тап Бірыңғай нотариаттық ақпарат­тық жүйеде нотариаттық құжат­тарды сақтау үшін орталық­тандырылған электронды репо­зиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустар қа­ғаз архивінен бас тартады. 2021 жылдың 1 шілдесінен бас­тап жылжымайтын мүлік пен мәмілелерді ресімдеу кезінде экс-аумақтылық енгізіледі. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған бол­­са, енді тараптар оның ор­на­­­лас­қан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады. Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі. Бұл бірегей болып табылады және құжатты бұрма­лаудан қорғауды қам­та­ма­сыз етеді. Халыққа ыңғай­лы болу үшін электронды құ­жат­тың қағаз құжатқа тең екен­дігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүру­ден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүм­кіндік береді, – дейді вице-министр.

Сенімхаттың түпнұсқалы­ғын QR-код бойынша смарт­фон­дағы қосымшаның көмегі­мен немесе құжаттың сандық ко­ды бойынша enis.kz сайтында Сервис – Сенімхатты тексеру бөлімінде тексеруге болады.
Сонымен қатар нотариаттық құпия ұғымы анықталып, оны сақтауға міндетті адам­дар тобы құрылмақ. Шағым­дар­ды республикалық дең­гей­де қарайтын орган заң­ды түрде бекітілді. Ен­ді жергі­лікті жерлердегі тәр­тіптік ко­мис­сиялардың шешім­дері­мен келіспеген жағдайда аза­маттарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді.
21 сәуір 2021 ж. 340 0