Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім, деп хабарлайды www.gov.kz.

Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
03 наурыз 2021 ж. 637 0