Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс


"Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

Есірткі заттарын қолдану арқылы пайда болатын ауру түрі - нашақорлық. Ол алғашқыда сізге қуаныш береді, өзіңізді жақсы сезінесіз, күйзелісті ұмыттырады, күш-жігер аласыз. Тек алғашқыда, кейін сізге кері әсерін береді. Жүрегіңіз ауыра бастайды, өкпе, бауыр, бүйрек, асқазан жұмыстары бұзылады да, комаға немесе кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады. Есірткі шеккен адам өзінің не істегенін білмейді, ұрлыққа да барады, қылмысқа да барады. Алпауыт дерт. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығып отыр. Күйзеліске,түсінбеушілікке ұшыраған немес бос уақыт, ата-ананың қарауынсыз қалған. Өлімге әкелетін зиянды зат міне осылай тарайды. Қасіреті мен зардабы көп есірткінің зиян екенін балаға, қоғамға айтуымыз керек.

Біз, Олиновтар отбасы: Мен Туретаева Эльмира, жұбайым Олинов Роллан және балаларым Нұрлан Диана, Нұрланова Нұрдана, Нұрланова Ұлдана, Нұрлан Жанель, Жания есірткіге қарсымыз. Біз күнде таңертең 30 минут жүгіреміз. Ол жігерлі болуға үйретеді. Деніңіз сау, көңіліңіз көтеріңкі, өзіңіз әдемі боласыз. Балалар музыка, сурет салу үйірмесіне қатысады. Театр өнерімен де таныс, ертегі қойылымына жаңа жыл сайын барып тұрамыз. Кім болғысы келеді, қандай армандары бар, неге қызығады сол жайлы әңгімелесеміз. Жақында балалар әдебиетінен Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатұлының шығармаларын оқуды бастадық. Баланы кітап оқуға үйретсек, ол мейірімі, зиян әдеттерден аулақ болып өседі. Жұбайым Роллан жеке кәсіпкер, ара шаруашылығымен айналысады. Арадан алынатын бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларға емдік зат болып табылады. Дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген балды, біз тұрмыс шарушылығымызда күнде пайдаланамыз. Бал табиғаттың берген керемет сыйы. Балаларда ара шарушылығынан хабардар, бұл оларды еңбек сүйгіштікке тәрбелейді. Бос уақытымызда табиғатта серуендейміз. Бұның бәрін неге айттым?

Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай: "Адам мінезінің ақыл-қайратының әртүрлі болуы, тәрбиенің түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту,кісі тонау,кісі өлтіру секілді бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен..." Сондықтан біз өзімізден бастаймыз. Кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамға өнеге болсын деген оймен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Эльмира ТУРЕТАЕВА,
№132 Т.Айтбаев атындағы
орта мектептің тәлімгері.
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
10 ақпан 2021 ж. 711 0