Ұялы телефонды дұрыс қолданып жүрміз бе?
XXI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Дегенмен осы заманауи құрылғылардан денсаулығымызға келетін зиянды ескерген жөн.
Осыдан бірнеше жыл бұрын телефон тек қалталы азаматтарда ғана болатын. Қазіргі таңда отбасының әрбір мүшесінде бар. Заман ағымынан қалмай еңкейген қарттан, еңбектеген баланың қызықтағаны осы гаджет. Оның үстіне қазіргі таңдағы онлайн форматтағы оқу үрдісінің әсерінен телефонға тәуелділік күшейе түсті. Жаныңызға қажетті дүниенің барлығы бар смартфонның арқасында адамдармен байланыс жасап, кітап оқып, ойын ойнап, төлем жасап та жатамыз. Алайда телефонның пайдасымен қатар зияны да көп екенін білесіз бе?
Қазіргі таңда әлеуметтік желіде ұялы байланыс құралынан келер қауіп жайында баяндайтын бейнероликтер жетерлік. Алайда соны көре тұра назар аудармағанның салдарынан денсаулығына зиян келіп, ақыр аяғы өлімге алып келіп жатқан оқиғалар көптеп кездесуде. Айшылық алыс жерлерден, жедел хабар алғызған ұялы телефонның қажетімізге жарап отырғаны даусыз. Дегенмен одан бөлінетін электромагниттік сәулелер адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Көздің көруі, құлақтың естуі мен ұйқы безінің қызметіне де өз әсерін тигізбей қоймайды. Алайда кейбір ата-аналар тіпті жасқа толмаған баланың жыламай отыруы үшін қолына ұстатып қойып жатады. Бесіктен белі шықпаған баланың денсаулығына зиянын ескеріп, мектеп жасына дейін телефоннан бойын алшақ ұстағаныңыз дұрыс. Ғалымдар алдағы 10-15 жылда сымсыз телефон ұстаушылар қатары көбеюі салдарынан қатерлі ісікке шалдығушылар саны артады деп топшылап отыр. Ал осы телефоннан келер қауіпті азайтып, басты ережелерді жадымыздан шығармау басымыздың амандығына кепіл. Сондықтан қарапайым ережелерді сақтағанымыз дұрыс. Мысалы, ұялы телефонды сатып алар кезде сәулелену қуаты аз түрін таңдауға тырысыңыз. 3-4 минуттан аса сөйлеспеңіз және кеуде тұстағы қалталарға салмаңыз. Телефонды қуат көзіне қойғанда ұстамаңыз. Ұйықтар алдында телефонды жастанып жататын жандар көп. Мұндай әдетіңіз болса денсаулығыңызға қаншалықты зиян келіп жатқанын ескеріп, өзіңізден барынша алыс қоюға тырысыңыз және телефонды дыбыссыз режимге қойып ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Аса қажеттілік туындамаған жағдайда ұстамаңыз. Жүкті әйелдер мен балалардың жиі пайдаланбағаны дұрыс. Күніне ұялы телефон ұстайтын және де әлеуметтік желіге кіретін уақыт белгілеңіз. Сол уақыттан асып кетпеуін қадағалай отырып, көзіңізге тұрақты түрде жаттығу жасаңыз. Денсаулықтың өзіңізге берілген аманат екенін ұмытпай, жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн.

Жұлдызай АНШАЕВА