Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі ,наша, арақ, темекі-бұның бәрі өмірді құртатын, адамды жынды қылатын жаман әдеттер. Жер сілкіну, су басу, өрт -табиғат апаты болса, ал мынау нашақорлық адамның өзіне істеп жатқан апаты.Ондай жаман әдеттерден аулақ болу үшін өзің бір қызықты нәрселермен айналысу керек деп ойлаймын. Сосын ата-анаңның айтқанын , мұғалімдердің үйреткенін үнемі істеп жүру керек.

Рас, кейбір жанұяларда бала тәрбиесіне дұрыс қарамайды, салақ қарағандықтан, бала жаман болып өседі. Кейбір ата-аналар балаларын тым еркелетеді, ол да дұрыс емес. Сұраған нәрсесін алып береді, барлық сұраныстарын орындайды. Бұның бәрі баланы жақсы жолға салады деп ойламаймын. Менде ата-анамның еркесімін, бірақ темекі, арақ,тағы басқа жаман заттарды алып бер десем олар алып бере берсе , мен сонда қандай адам боламын.Осындай ата-аналарға айтатыным: «Балаларыңыз темекі шеккім келіп тұр, немесе нашаның дәмін татақым келіп тұр десе, барлығын орындай бере бересіздер ме? Баланы тым еркелетпеңіздер,тек жақсы болуды үйретіңіздер » дегім келеді..

Мен өзім теледидирдан аңдар жайлы фильмдерді көргенді жақсы көремін. Жануарлардың өмірлерін, олардың балаларын қалай жақсы көретінін ,қалай қорғайтынына таң қаламын. Ал адамның үйір болатын осы есіркі деген нәрсені жан-жауарларға берсе олар не болады екен деп ойлаймын. Жынданып, адамға шабуыл жасап, балаларын өлтіріп тастайтын шығар. Мен кейбір кезде адам мен жануарды салыстырамын да , жаман адамдардан менің аңдарым жақсы шығар деп ойлаймын. Наша дегенді пайдаланады да білгендерін істейді, өз балаларын, ата-аналарын өлтіреді, қорлайды. Түсінбеймін! Неге сондай зиянда заттарды шығарады екен. Әкем айтады, ол жаман адамдардың ақша үшін, біреуді өзіне қарату үшін шығарады дейді. Сонда сол жаман нәрсе үшін ата-аналарын, бауырларын құрту керек пе?
. Кез келеген мамандықтың қызығы бар. Әдепкіде мен полиция болғым келетін. Осындай жаман әдеттерге үйір адамдарды ұстап, жазаға тартсам дер ойлайтынмын. Олардың жұмысы өте ауыр, жаман адамдармен күресу қиын. Өйткені адамдардың көбісі ақша үшін не істемей жатыр, қылмыс жасайтындар көбейіп бара жатыр. Нашақорлардың соңынан қуып, олады ұстап, жақсы жолға түсіреміз деп жүрген полиция ағайлар өздерінің отабсына қарауға қолдары тимей кетеді. Сондықтан мен ойлаймын қыздарға ол жұмыс қиын екен деп. Сондықтан мен мұғалім болуға, өз арманыма қол жеткізуге ұмытыламын.

Адамдар! Өз шығармамды аяқтай келе өзім сияқты құрбы-құрдастарыма, әсіресе жаман қасиеттерге бойын үйреткен аға-апаларға айтатыным: « Салауатты өмір салтын ұста. Денсаулық-бұл байлық. Есіркі-бұл өлім, одан алыс жүрсең, ұзақ өмір сүресің.

Біз жаман әдетпен айналысқан адамдарға көмектесуіміз керек, егер де көмек қолын созбасақ , олар нағыз қылмыскер болып кетеді.»

«Есірткі - бұл, сұм ажал!
Жоқ! Деп айтқын сен оған!
Ал егер де өйтпесең,
Сабақ болар бұл саған
Түсірер ол бір дақ»
Біз есірткіге « ЖОҚ » деп айта аламыз!

Іңкарбекқызы  Аяулым
                                                                                         6 сынып оқушысы
                                                                                              №191 орта мектеп  
#УПНДПКЗО   
                                             

20 қаңтар 2021 ж. 791 0