Бастамалардың берері көп

Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін жетіден бес пайызға дейін төмендетуіміз керектігін алға тартты. Аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Бұл елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізіп қана қоймай, саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін көбірек ескеруге мүмкіндік береді деген ойдамын.
«Ауыл» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихаттың VІІ шақырылымдағы депутаты ретінде Ел Президенті айқындаған бастамаларды сапалы жүзеге асыруға атсалысатын боламын.
Роза УРЫНБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты