Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңарудың жаңа кезеңінде жастардың үлесі басым

Жаңарудың жаңа кезеңінде жастардың үлесі басым

Сайлау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын күшейтуге септігін тигізер басты оқиға. Бүгінгі сайлау арқылы міндеттер мен маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру жоспарында айқындылық орын алады.

Бұл сайлау қандай нәтиже береді? Біріншіден, жаңарған кадрлар. Бұл арқылы жаңа бастамалар мен жаңа идеялар жүзеге асырылып жаңаша жұмыстар жүргізілмек. Екіншіден, депутат жастар мен әйелдер қауымының саны артпақ. Бұл тұрғыда өзекті саналатын жастар мәселесі, гендерлік теңдік және отбасы мәселесі басты назарда болады. Үшіншіден, халықтың билік өкілдеріне деген жаңаша сенімі артпақ.

Бүгінгі сайлауда мен де өз таңдауымды жасадым. Саяси науқанға әрбір азамат жауапкершілікпен қатысуы тиіс.

Жаңа кадрлардан халықтың үміті мен күтері көп. Оны бүгінгі сайлауға қатысушылардың қарасының көп болуынан байқауға болады. Әділ сайлау мен халықтың көңіл-күйі еліміз үшін жақсы жаңалықтың келеріне сендіртеді. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Ғани ОРАЛОВ,
Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры

10 қаңтар 2021 ж. 473 0