Жылдың қай мезгілінде бала туу қажеттігі туралы қызықты деректер
Өзіңіз үшін баланың туылуына жылдың бір мезгілін таңдаңыз. Жүктілікті жоспарлау кезінде әйел адам сәбиінің нақты қай күні дүниеге келетіндігін есептей алмас, алайда жыл мезгілін есептеу анағұрлым жеңілірек. Сол мезгілдің ерекшелігінің балаға әсер ететіндігін ескеретін болсақ, әйел адам белгілі бір мінез-құлық қасиеттері ұқсайтын кезеңді таңдауына әбден болады.
Көктем
Көктемде туған балалар өте жоғары сезімталдыққа ие, өкпелегіш және осал келеді. Бұл мезгілде туылған адамдар – ерекше мансап иелері. Ақылы жағынан гуманитарлар. Бала кезден өнер мен мәдениетке жақсы қабілет танытады, дәл осы бағыттарда өздерін тамаша көрсете алады. Көптеген жағдайда мансаптағы жолының болмауына ісіндегі, болмаса жеке өміріндегі қателіктер мен мүлт кетулер негізінде туындаған депрессиялар, қиындықтар себеп болады.
Көктемде туылған балалардың ата-аналарына балаға қандай жағдай болмасын, қысым көрсетпеуге кеңес беріледі. Дәрумендердің тапшы кезінде туған балалар шаш, тері, тырнақ және тіс проблемаларына көптеп кезігеді. Олардың иммунитетін үнемі пайдалы тағамдармен нығайтып отыру қажет.
Жаз
Жаз мезгілінде туған балалар да осал келеді, бірақ көп алдына шығуға бейім болады. Олар ешқандай пайда көздемей, маңайындағы адамдарға өмір бойы көмектесуге тырысып жүреді. Олардың жомарттығында шек болмайды. Жазда туған қыз балалар өздерін құрбан қылуға, тәуекелге баруға дайын келеді. Бой жете келе, өзгеге жәрдемдесу үшін жеке басының бақытынан да бас тартуға дайын болатындары бар. Ер балалар есейе келе көпшілік алдында сөз сөйлеуге, танымалдылыққа талпынады.
Жазда туған балалар күнде қайталанатын жұмыстарды ұнатпайды, сондықтан олардан көбіне ғалым, саяхатшы немесе ізашарлар шығады. Мұндай адамдардың денсаулығы бір қалыпты болады.
Күз
Күзде туған балаларды осы мезгілмен тамаша салыстыруға болады. Олар рухани жан дүниесі кең, жігерлі келеді. Бұл мерзімде туған адамдар – өз ортасының гүлі, қалжыңдай білетін, алға сеніммен қарайтындар. Туындаған жанжалдарды жеңіл шешеді, ал олардың жасайтын қайырымдылықтарына қызығуға болады. Алайда, жеке жанжалдар туындаған кезде бұл адамдар өкпелегіш келеді, қобалжулары ұзаққа созылады және татуласуға ерекше көңіл бөледі. Бұл кез балаларының денсаулығында көбіне суық тию мен жарақаттану кінәраттары көптеп туындайды. Бұл көп жағдайда балалардың бірінші болып мұздың беріктігі мен ағаштың биіктігін тексеретіндігімен тікелей байланысты. Олар әрдайым бірінші болып өз басынан өткеруге дайын тұрады, сол себепті ата-анаға алғашқы жәрдем көрсету үшін дәрі-дәрмектерін оңайға сақтауға кеңес беріледі.
Қыс
Қыс мезгілінде туылған балалар күшті рух пен денсаулыққа ие. Бұған тек қана аллергияға көп ұшырайтын ақпанда туған балаларды жатқыза алмаймыз. Өзінің туылған күнін қыс мезгілінде атап өтетіндер батылдық және табандылықпен ерекшеленеді. Алайда олар өздерінің ішкі сезімдерін үнемі бақылап отыруы тиіс, өйткені шамадан тыс бірбеткейлік немқұрайлылыққа жол ашады. Мұндай адамдар парасатты және қоғам алдында ашық келеді. Қыста туған балалар математика жағына бейім болады, нақты ғылымдарды зерттеуге талпынады. Мұндай балалар өте ұқыпты келеді және біреудің уағдаласқан уақытынан кешіккенін ұнатпайды. Қыс мерзімінде туған балаларға шығармашылық мамандықтар да бөтен емес, бірақ олар көбіне есепші, заңгер, экономист мамандықтарын игереді.
Дереккөз: http://www.vospitaj.com