Сәбиіңіздің дүниеге келген сағаты нені білдіреді?
Астрологтардың пайымдауынша, сәбидің болашақта қандай болатынына туған күні мен айынан басқа дүниеге келген сағаты да әсер етеді .
Мамандар тәулікті 12 ге бөліп,әрқайсысы қытай күнтізбесіндегі жануарға сәйкес екенін анықтаған.
23:00 ден 1:00 ге дейін - «Егеуқұйрық сағаты» деп есептеледі. Бұл уақытта дүниеге келген балалар өте ақылды және байқағыш болып келеді.
1:00 ден 3:00 ге дейін – «Өгіз сағаты». Бұл уақытта туған сәби байсалды және ұстамды болады.
3:00 ден 5:00 ге дейін – «Жолбарыс сағаты». Осы уақыт аралығында туған балалар қолдары ашық ақкөңіл болып өседі.
5:00 ден 7:00 ге дейін – «Мысық сағаты». Бұл уақытта туған сәбилердің ерекшелігі – әділдік пен тектілік.
7:00 ден 9:00 ге дейін – «Айдаһар сағаты». Астрологтардың айтуынша бұл уақыт аралығында туған балалар өте мықты және батыл болады. Олар қор жинай алады.
9:00 ден 11:00 ге дейін – «Жылан сағаты». Ақыл-ой қабілеті жоғары дамыған балалар осы уақыт аралығында дүниеге келеді деп болжаған астрологтар.
11:00 ден 13:00 ге дейін – «Жылқы сағаты». Бұл уақытта туған балалар жігерлі және батыл болып өседі.
13:00 ден 15:00 ге дейін – «Ешкі сағаты». Осы сағат аралығында туған сәбилер төзімді және әділ болып келеді.
15:00 ден 17:00 ге дейін – «Маймыл сағаты». Ашық мінезді, тез тіл тапқыш балалар осы уақыт аралығында дүниеге келеді деп есептейді астрологтар.
17:00 ден 19:00 ге дейін – «Әтеш сағаты». Бұл уақытта тәртіпті және батыл балалар дүниеге келеді дейді зерттеушілер.
19:00 ден 21:00 ге дейін1 – «Ит сағаты». Осы уақытта дүниеге келген сәбилерге адалдық пен әдептілік сияқты мінез ерекшеліктері лайық.
21:00 ден 23:00 ге дейін – «Шошқа сағаты».Батыл ержүрек балалар осы уақыт аралығында дүние есігін ашады деп санаған астрологтар.
Ал сіздің сәбиіңіз қай уақытта дүниеге келді?
http://www.vospitaj.com
Пікір 3