Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұмытшақтықтың бір пайдасы бар

Ұмытшақтықтың бір пайдасы бар


Фрейдке сүйенсек, ұмытшақтың астарында нағыз құштарлық жатыр. Мысалы, адам қатысуы керек жиналысты ұмытып кетсе, ол, шындығында, сол жиналысқа барғысы келмеген. Ұмытшақтық – бейсаналы түрде адамның шынайы ниетін көрсететін процесс.

Мұнымен қатар ұмытшақтықтың пайдасы да бар. Өзіңіз ойлап көріңізші, адам қайғы, мұң, реніш, бақытсыздық дегендерді мәңгілік ұмытпай, есінде сақтаса не болады? Адамның энергиясы мөлшерлі болғандықтан, ол қажетсізді ұмытып, қажетті жаңа ақпаратты қабылдайды.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, әйел адамдар сезінбеген дүниесін бірден ұмытып қалады, ал ер адамдар керісінше логикамен байланысты дүниені есінде жақсы сақтайды.

Егер сіз ұмытшақ болсаңыз, жадыңызды тәрбиелеу керек. Ұйықтар алдында бір күнгі өміріңізде не істегеніңізді, адамдардың есімін, телефон нөмірін толықтай еске түсіріп көріңіз. Осылайша жадыңыз қалпына келеді.

Ал егер затты үйде ұмытып кету сынды әдетіңіз болса, кешкі мезгілден бастап жиналуды үйреніңіз.
27 ақпан 2018 ж. 1 282 0