Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » “Таңғы асты тастама”: Арықтау кезінде қандай қате жібереміз?

“Таңғы асты тастама”: Арықтау кезінде қандай қате жібереміз?

Артық салмақ - кей адам үшін үлкен мәселе. Одан арылу үшін түрлі диета ұстанып, соның кесірінен денсаулығы нашарлағандар да аз емес.

1. Аштық режимін ұстану

Мақсатты түрде аш жүру – салмақ тастағысы келетін адамның жіберетін ең үлкен қатесі. Кейбірі тамақ ішпеу немесе оның  мөлшерін және калориясын бірден төмендету арықтауға көмектеседі деп ойлайды. Тіпті “аузыңды тыйсаң, арықтайсың” деген сөзге сеніп, күніне 500-700 калориядан артық тұтынбай жататындар да бар. Мұның қаупі қандай? Біріншіден, аштық диетасы кезінде (1200 калориядан аз) метаболизм (зат алмасу процесі) баяулайды, бұл артық салмақтан арылуға ешқалай көмектеспейді. Екіншіден, мұндай қатаң диетаға көбі шыдамайды, режимді бұзып жіберіп, бірден көп тамақ жейді. Нәтижесінде адам өз-өзін кінәлайды, негатив тәжірибе жинайды. Яғни психикалық соққы алады.

2. Таңғы астан бас тарту

Таңғы ас адам денсаулығының және артық салмақтан айырылудың негізі екенін есте сақтаған жөн. Сонымен бірге таңертең тамақтану метоболизм процесін жеделтеді. Таңғы ас ішпейтін адамдар көмірсуларға тәуелді болады. Ал оның нан, қант, макарон, тәтті тамақ сияқты тағамдарда кездесетінін ескерсек, мұндай өнімге құмар жан салмаған керісінше көбейтіп алады. Сол себепті күнделікті таңғы асты ішуді әдетке айналдырған дұрыс.

3. Арықтатын шай ішу

Көбі арықтауға арналған шайдың әсері неге негізделгенін білмейді. Мұндай өнімнің барлығы майды жоғалтпайды, есесіне асқазанды ауыртып, іш өткізеді. Адам өзін ыңғайсыз сезініп, үнемі дәретханаға барғысы келіп тұрады. Мұндай шайды ұзақ тұтынған жанның ішегіндегі қалыпты микрофлора зардап шегеді, шашы түсе бастайды, терісі құрғап кетеді. Тіпті, керісінше, денені одан әрі май басуы мүмкін. Осының бәрі – организмдегі теңсіздіктің белгісі.

4. Аз мөлшердесуішу

Ағзада судың қажет мөлшері болмаған кезде жиналған май баяу ыдырайды, салмақ арылу процесі қиын әрі ұзаққа созылады. Диета кезінде суды аз қабылдау бұлшықеттің деградациясына, яғни тозып, әлсіреуіне әкеледі. Адам артық майдан емес, бұлшықет массасын жоғалтады.

5. Бірден үлкен нәтижеге қол жеткіземін деу

Адам артық салмақтан арылғысы келсе, оны басты мақсатына айналдыра алады. Дегенмен үлкен мақсатқа жету үшін кішкентай қадамдардан бастау керек екенін ұмытпаған жөн. Мысалы, 20 келі салмақ тастағыңыз келеді делік. Осы жолда қате диета таңдадым-ау деп уайымдаудың, жаттығуларды ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ.  Оның орнына  айына 1,5-2 келіден арыламын деп мақсат қойыңыз, бұл – нақты меже және үлкен күш жұмсауды қажет етпейді.


06 қараша 2020 ж. 967 0