Саяси жаңғырудың жалғасы

Жалпы, депутат атану – абырой және зор жауапкершілік. Сол абырой мен жауапкершілікті ұштастырып, қоғаммен тығыз араласып, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын адам ғана депутат болуы керек. Сондай-ақ, қазіргі кезеңнің күрделі екені бәрімізге белгілі. Сондықтан істің басына нағыз елжанды, патриот, білімді және тәжірибелі азаматтардың келгені дұрыс.
Соңғы екі жылда Елбасы саясатының сабақтастығы негізінде елімізде саяси жаңғыру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл жолғы сайлау да саяси жаңғырудың жалғасы. Дәлірек айтқанда, ілгері басудың серпінді қадамы жасалмақ. Бір анығы, барлығы заң аясында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұған Ел Президентінің өзі кепілдік берді.
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бастап өзінің саяси жолын айқындады. Бір мақсат, бір мүдде жолында қолға алынған істер нәтижесіз емес. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында көп жұмыстар атқарылды. Сол жұмыстардың сапалы әрі уақытылы іске асуына депутаттар өз үлестерін қосып келеді және алдағы сайлаудың қорытындысынан кейін де бұл жұмыстар жанданатынына сенемін.
Бексұлу СИНАЕВА,
еңбек ардагері,
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің бұрынғы
депутаты