Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аға батырдың райынан қайтуы

Аға батырдың райынан қайтуы

Ертеде Жанқожа дегеннің Сыбанқұл ұлы аға батыр, бала батыр және қалмақ батыр деген үш батырына қол бастатып, Алтынемілде отырған Қызай елін шабуға аттаныпты.

Сол күні Қызай ауылына таяп кеп қоныпты. Түнде аға батыр түс көріпті. Ертесі таңертең түсін Сыбанқұлға және басқа батырларға айтыпты:

- Түсімде ақ күндігі көк тіреген ақ самайлы алып ана кеудеме мініп алып: ,,Сен менің ұрпақтарыма қастандық ойлап бара жатырсың. Тілімді алсаң райыңнан қайт.

Қайтпайды екенсің, етіңді қасқыр жейді, сүйегіңді құмай жұтады. Тұқымыңнан түк қалмайды!"- деді дейді.

Сонда естіп отырғандар түске жору айта алмай дағдарды. Біреуі :

- Ей, ағайындар, Қызай деген тегі еркек пе, әлде әйел ме? Білетіндерің бар ма? - деп сұрайды.
- Қызай әйел адам, үйсін Бәйдібек бидің қызы екен.

Шарапатты адам болғандықтан, күйеуінің аты шықпай, Қызай аты ру атына айналған көрінеді.- депті. Мұны естіген аға батыр ойға батып отырыпты да:

- Жоқ, онда бұл шабуыл жорығына мен бармаймын - деп өзіне қарасты үш жүз қолды бастап қайтып кетіпті.

Қалғандары Сыбанқұлдың бастауымен Қызай еліне жетіп, жау жағдайынан хабарланып, қамданып отырған Қызай қолымен сайысқа түсіпті.

Сыбанқұл алдымен Қызай жақты жекпе -жекке шақырыпты. Сыбанқұл өз ағасының боз батыр аталған баласы Жақанды шығарыпты. Қызай жақ Байсуан атты бір жас жігітті шығарыпты. Байсуан ,,Иә, Қызай ананың әруағы қолдай көр!"- деп айғайлап алға шығысымен -ақ боз батырды қақ маңдайдан қағып түсіріпті.

Екінші рет Сыбанқұл қалмақ батырын шығарыпты. Байсуан оны да қара құсынан қағып жіберіп жалпасынан түсіріпті. Сыбанқұлдың ту ұстаушысын да жер қаптырыпты.

Екі бірдей сенімді батырынан айырылып, туы жығылған Сыбанқұл есі шығып, әрең қашып құтылыпты.

Қайда барса да Қызай ананың ашулы әруағы көз алдына елестей бергендіктен, Сыбанқұл кейін орыс жеріне өтіп кетіпті, сонда тұтқындалып Том қаласында орыстардың қолында өлген екен.

,,Данышпан Қызай ана,, кітабынан үзінді.
Ғаламтор көзінен алынды 

25 қазан 2020 ж. 566 0