Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен күреске ӘМСҚ шамамен 6,5 млрд. теңге бағыттады

«Қор медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ұйымдардың тарифтерін 2 есеге көтерді. Нәтижесінде коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды тартуға мүмкіндік туды. Біз медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді толық жеткізу үшін «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілерге және өндіруші зауыттарға аванстық төлем төледі, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына халықты дәрі-дәрмекпен қамту үшін қаржы жеткілікті. Қазір дәрінің екі айлық қор бар. Аймақта індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды. Оның жартысы қалалық, қалғаны аудандық аурухана.