Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Татулықты ту еткен

Татулықты ту еткен

Талайдың тағдырын бір арнаға тоғыстырған елімізде түрлі ұлт өкілдері бір мақсат, бір мүдде жолында тірлік кешіп келеді. Бұл – халқымыздың өлшеусіз еңбегінің жемісі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының бірлігін сақтап қалуда үлкен қадамға барды. Ол басқа елдерде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, барлық этнос өкілдерін бір шаңырақтың астында бейбіт өмір кешуге жағдай жасады. Бүгінде бұл қоғамдық институт елдегі тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың мызғымас тұғырына айналып отыр.
Елена Мясцованың есімі бүгінде аудан халқына танымал. Ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының белді мүшесі, аудандағы қоғамдық шаралардың бел­сенді қатысу­шысы.
Тереңөзек кентінде дүниеге келген жанның өмірде жеткен жетістігі көп. 1990 жылы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжін тәмамдайды. Елена Анатольевна өзі­нің педагогикалық мансабын №36 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лице­йінде бастауыш сынып мұ­ға­лімі болып бастаған. Міне, сол жылдан бері ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан педагог мол тәжірибе жинақтады. Еле­наның сабақтары дидактикалық мақсаттың айқындылығымен, логика­лық мазмұнымен, сөздік қорымен көр­некі құралдардың әр түрлі қатынас­тарымен және тапсырмаларды орын­­­­дау­дың мүмкіндігімен ерекше­лене­ді. Ол бала­лар­дың білім алуда еркін болуға, жаңа нәрселерді білу­ге ұмтылуға шақырады. Өзінің теория­лық және әдістемелік шеберлігін арттыру үшін талмай еңбек етуде. «Нәтижеге бағдарланған оқыту жағдайындағы бастауыш мектепте оқу процесін ұйымдастыру», «Бас­тауыш мектептегі қазіргі сабақ», «Бас­тауыш сынып сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды қол­да­ну», «Математикадағы электронды оқулық» курстарын, компьютерлік курс­тарды бітірген. Оқытушы облыстық көлемдегі педагогикалық оқуларда баяндамалар жасады, жетілдіру институтында курстардан өткен, «Жаңа формация мұғалімі» байқауына қатысып, «Шебер мұғалім» номинациясына ие болған. Тәжірибелі ұстаздың оқушылары бірне­ше рет облыстық, қалалық, аудандық олимпиадалардың же­ңім­паз­ы атанып келеді. Олар өз жетістіктерін ұлағатты ұстаз еңбегімен байланыстырады.
Елена Мясцова – отбасында аяулы жар, ардақты ана. Өмірге үш бала әкеліп, оларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім берді. Қыздары Анастасия мен Ксения қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп, жоғары білім алған, ал кіші ұлы Никитаны аудан жұртшылығы жақсы таниды. Себебі өнерге жақын жігіт республикалық, халықаралық бай­қаулардан жеңіспен оралып, аудан мерейін асырып жүр. Көрермен қошеметі мен ықыласына бөленген ол бүгінде ауданда орналасқан орталық дәріханада еңбек етуде.
– Мен қазақтың жерінде туғанымды мақтан етемін. Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму түгілі тәуелсіздік пен тұрақтылық туралы сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Содан бергі ширек ғасырлық уақытта ел бірлігі нығайды. Ең бастысы, Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Бұл бағытта ауданда да этнос өкілдерінің татулығы жарасқан, – дейді Е.Мясцова.
Егемен елімізде бекем бірлік пен іргесі сөгілмейтін татулық орнағандығы ақиқат. Түрлі ұлт пен ұлыс мекен еткен қазақ жерінің қашанда бірлігі бекем, татулығы мығым.

Майя ҚОЖАБАЙ

17 қазан 2020 ж. 593 0