Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз жаңа заңнама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз жаңа заңнама

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді.
Конкурстық рәсімдер нәтижесінде осы жұмысты үйлестіруге ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жауапты болып белгіленді.
Университеттің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институты тиімділігінің негізі ретінде сарапшыларды сапалы іріктеу болып табылады.
Сондықтан да сараптамалық қоғамдастық өкілдерін кеңінен тарту және сарапшыларды іріктеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз ету стратегиялық тұрғыдан маңызды болуда.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы 8 қазанда Агенттік алаңында өткен брифинг барысында НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төрт кезеңнен тұратын ғылыми сараптама жүргізу үшін, сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы жарияланды:
-конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау – ағымдағы жылы15 қазанға дейін;
- конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарау – ағымдағы жылы 19 қазанға дейін;
- үміткерлерге тестілеу өткізу-ағымдағы жылы22 қазанға дейін;
- кандидаттармен әңгімелесу- ағымдағы жылы 29 қазанға дейін.
Объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезең бойынша шешімдер қабылдауды университеттің, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің, Агенттік жанындағы Арнайы мониторинг тобының, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы»қоғамдық қорының, «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының өкілдері және Агенттіктіңқызметкерлері қатарынан арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асыратын болады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын қабылдау почта арқылы қолма-қол немесе хабарландыруда көрсетілген университеттің электрондық мекенжайына электронды түрде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, бұдан бұрын НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қызығушылық танытқан және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының тиісті оқытуынан өткен 150-ге жуық сарапшы конкурстық іріктеуге қатысып, бақтарын сынайтын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы ұйымдастырушы мен үйлестірушінің ақпараты бойынша, сапаны қамтамасыз ету және формализмге жол бермеу үшін осы жұмыста сарапшылардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу көзделген.
Осыған байланысты, Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өзінің жеке кәсіби үлесін қосуға ниет білдірушілердің барлығыншақырады.
Конкурстық іріктеудің толық ережелерімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
13 қазан 2020 ж. 56 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам