Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жан дүнием арта түсті

Рухани жан дүнием арта түсті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласын аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің сенбілік шығарылымынан оқып, таныстым.

Абай Құнанбайұлы шын мәнінде ұлы тұлға, ұлы ақын. Сондықтан Елбасының жаңа мақаласын бір деммен оқыдым. Мамандығым мұғалім болғандықтан, оның ішінде орыс тілінен сабақ бергендіктен ұлы ақынның шығармаларын екі тілде бірдей оқитынмын. Абай шығармалары, оның ішінде атақты жазушы М.Әуезовтың "Абай жолы" романы үйімдегі кітапхананың ең жоғарғы сөресінде ұрпағыма аманат ретінде сақтаулы. Себебі қыранның көзіндей, бақыт сияқты бір рет ғана кездесетін адамдарда болатын дана ақынның ақылды қара сөздері рухымызды асқақтай түсетініне сенемін. Аға ұрпақ қана емес, келешегіміз де Абай өлеңдерімен сусындап, өмірдің белестерін бағындыратыны сөзсіз.

Аталған мақаланы оқығанымда Елбасы айтқандай: "Ерекше тұлға, ояту дәуірінің көшбасшысы, елдің болашағын ойлаған жан екенін түсіндім" деген жолдар мені қатты толғандырды. Мақаланың әрбір жолдарын оқыған сайын ғұлама ақынды басқа жағынан тани түстім. Терең ойға шомып, рухани жан дүниемнің арта түскенін байқадым.

Барша қазақ азаматының жадында Абай сөзі жүргей. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын!

Құралай ДОСМАҒАМБЕТОВА,
ардагер-ұстаз
12 қазан 2020 ж. 508 0