Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әйелге қандай жағдайда шашын қиюға болмайды?

Әйелге қандай жағдайда шашын қиюға болмайды?

Сұрақ: Ассаламағалейкум! Адам өзінің шашын өзі қиюына бола ма? Шариғатымызда рұқсат па? Айгерім

Жауап

Уағалейкумуссалам! Ер болсын, әйел болсын шариғатта шаш қиюға тыйым жоқ. Оған дəлел ретінде Муслимде келген Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисін айтсақ болады. Ол хадисте: «Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын қысқартатын еді», – делінген. Бул хадиске тусініктеме берген ислам ғұламасы имам Нәуәуи (р.а.): «Бұл хадис әйелдердің шашын аздап қысқартуына рұқсат екеніне дәлел», - деп айтқан. Сол секілді әйел кісілер өз шашын өзі қиюына да болады.

Ескере кететін нəрсе: əйелге төрт жағдайда шашын қысқартуға болмайды.

1) Əйелге ерлер секілді тым қысқа етіп шашын қиюға. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелдердің ер адамға ұқсауына тыйым салған.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын үш кісі бар. Олар: Ата-ананы құрметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер  және өз жарын қызғанбайтын еркектер», – деген.

2) Шашын бөгде ерлерге көрсету үшін;

3) Шашын бөтен ерлерге қысқартуға;

4) Күйеуінің рұқсатынсыз қысқартуға.

05 қазан 2020 ж. 1 305 0