Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр елінің аграрлық саласы жақсы дамыған

Сыр елінің аграрлық саласы жақсы дамыған

Сыр елінің аграрлық саласы жақсы дамыған. Шаруалардың ала жаздай еткен еңбегі еш кетпеуі тиіс. Берекесі тасыған дихандардың  асыраушы саланың нағыз майталмандары екені белгілі. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы ел тұрғындарына арналған Жолдауында Үкіметке бизнеспен бір­лесіп, алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Агроөнеркәсіптің дамуы – халықтың әлеуметтік тұрғыдан хәл-ахуалын жақсарта түседі. Ықылым заманнан келе жатқан қазақ елінің егіншілік, мал шаруашылығы саласы кенжелеп қалмауы қуантады.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін арттырып, кәсіп қыламын деген жұртшылыққа қолдау көрсетілгені құптарлық жағдай. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін көрген қарапайым шаруалар  кәсібін жандандыра түседі. Дәл қазіргі уақытта пандемия салдарынан  жұмысы тұралап қалған кәсіп иелеріне айрықша демеу керек.  Сондықтан Жолдаудан туындайтын мәселелер жан-жақты шешімін табатынына сенімдіміз.

Хайролла Әбенұлы, 
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 
06 қыркүйек 2020 ж. 511 0