Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Адамдар не себепті өз креативін жете бағаламайды?

Адамдар не себепті өз креативін жете бағаламайды?

Адамдар өз талантына күмән келтірмейді де, өз идеясын, ойын жете бағалай бермейді. Франция мен Израиль ғалымдары мұның себебін анықтап көрген екен.

Ғалымдар тәжірибе үшін бір топ адамнан белгілі бір тақырыпқа идея айтып, ой бөлісуін сұраған. Кейін әрқайсы өзінің және өзге қатысушылардың идеясын бағалауға тиіс болған. Сөйтсе, көбі өзгелердің идеясын өзінікінен жақсы деп бағалаған.

Мұның себебі адамдар ойына келген идеяны бұған дейін біреуде болған деп санайды және өз идеясының аса қатты ерекшелігі жоқ деп ойлайды. 

Шын мәнінде бұл – иллюзия. Керісінше өз креативін жете бағаламайтындар тамаша идея айтады екен.

«Бұл нәрсе бұған дейін біреуде болған шығар» деген соқыр сенімнен арылу үшін, ғалымдар логикалық тапсырмалар орындап, миға күш салып, идеяңыз сіз ойлағаннан да жақсы екенін ұмытпауға кеңес береді.

Масктың коучы ми жұмысын жақсартудың 3 тәсілін ұсынды.





27 тамыз 2020 ж. 332 0