Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елімізде жаңадан екі арна ашылады

Елімізде жаңадан екі арна ашылады

Министрдің айтуынша, жаңа арнаның бірі ­– бай мәдени мұрамызды кеңінен насихаттаса, екіншісі – білім беру мен ағарту саласына басымдық береді

Қазақстанда "Абай ТВ" және "Әл-Фараби" деп аталатын екі мемлекеттік арна ашылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Абай ТВ" телеарнасы "Qazaqstan" ТРК-сына кіреді және 30 маусымда ресми түрде жұмыс істей бастайды.

"Жаңа арна бай мәдени мұрамызға арналатын болады. Ал екінші тележоба – "Әл-Фараби" арнасы "Хабар" агенттігінің жанынан жаңа оқу жылына қарай ашылады", – деді Балаева бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, "Әл-Фараби" арнасының негізгі мақсаты – білім беру мен ағарту. Ал аудиториясы 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер болады.

"Пандемия кезінде осындай арнаның қажеттілігі барынша сезілді", – деп атап көрсетті Балаева.


29 маусым 2020 ж. 603 0